Невада (, ) — АҚШ-тың батысындағы штаты. Тұрғын саны 2,723,322 адамға тең (2011). Солтүстік-батысында Орегонмен, солтүстік-шығысында Айдахомен, батысында Калифорниямен, оңтүстік-шығыста Аризонамен, шығысында Ютамен шектеседі. Аумағы — 286 368 км. Астанасы – Карсон-Сити, ең ірі қаласы — Лас-Вегас.

Бұл жерді тұрғындар 20 000 жыл бұрын мекендеген, ал бұдан бұрынғы мекендеушілердің үңгірлері мен тасқа қашалған өнерлері қалды. Штат АҚШ құрамына 1864 жылы енді.

Тарихы Тұрақты тайпалардың арасында – шошондар мен пайюттер бар. XVIII ғасырда бұл жерде испан миссионерлері болған.

1820 жылы осы жерге саудагерлер аң терісін сатуға келеді. Ал 1843-1845 жылдары ғана осы мекенді картаға түсіру қолға алынған. Оны Джон Фремонт пен Кит Карсон жүргізеді. 1848 жылы АҚШ Невада аумағын Мексикадан күштеп тартып алады.

1859 жылы Вирджи–Ситиға жақын Комсток күміс желісі ашылғаннан кейін, бұл мекен 1850-61 жылдары Юта Аумағына кірді. 1861 жылы осы мекен Неваданың аумағы ретінде танылады.

Ал 1864-36 жылдары АҚШ-тың штаты болды. Үлкен депрессия уақытында экономикасы дами бастады, оның дамуына кен ісінің заңдастырылуының маңызы болды. Гувер-Дам бөгетінің құрылысы штаттың оңтүстігіндегі экономиканың дамуына ықпал етті.

1950 жылы штатта бас ядролық полигондар орналастырылды. Экономика саласында ауылшаруашылығы мен пайдалы қазбалар табыс көзі болап табылады. Лас-Вегас, Рино, Тахо көлдері туризмнің орталығы ретінде белгілі.

Ең ірі қаласы Невада ең ірі қаласы Лас-Вегас 534,8 Пахрамп 27,0 (2003)

Хендерсон 224,8 Сан-Вэлли 19,5 (2000)

Парадайз 207,0 (2003) Уитни 18,3 (2000)

Рино 198,0 Элко 16,2

Санрайз-Мэнер 177,0 (2003) Боулдер-Сити 15,2

Норт-Лас-Вегас 158,7 Энтерпрайз 14,7 (2000)

Спринг-Вэлли 138,0 (2003) Мескит 12,6

Спаркс 81,0 Гарднервилл-Ранчос 11,1 (2000)

Карсон-Сити 56,0 Спринг-Крик 10,5 (2000)

Винчестер 28,0 (2003) Фернли 10,5

Сыртқы сілтемелер Official state website State Tourism website Nevada state symbols Secretary of State of Nevada Nevada Classifieds US Census Bureau County Maps of Nevada Forgotten Nevada – Ghost Towns and Mining Camps of Nevada

Санат:АҚШ штаттары Санат:Невада