Босаға — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Босаға ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Шалтас тауының етегiнде, аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстiк-батысқа қарай 111 км-дей жерде.

Тарихы Іргесі 1937 жылы Қарағанды-Мойынты темір жолының құрылысы бойында Босаға стансасының ашылуына байланысты қаланған. Округ аумағында өткен ғасырдың 40 жылдарында Балқаш өндірістік құрлысының қосалқы шаруашылығы ұйымдастырылған. 1960-1990 жылдары Босаға кеңшарының және ауылдық кеңестiң орталығы болды. Шаруашылықтың мамандандырылған негiзгi бағыттары қой шаруашылығы, қосымша саласы - жылқы, iрi қара өсiру болды. Жерiнiң жалпы ауданы 302 мың га.

Соғыс жылдары әскери-дала эвакогоспиталінің бастығы болған, ғылым докторы, профессор Шет ауданының «Құрметті азаматы» Гүлімжан Қарсыбекованың туған жері.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1233975 735 75,4 523 382 73 452 353 78,1

Инфрақұрылымы Округтің елді мекендерінде (Босаға, Бестамақ, Жұманбұлақ, Жылыбұлақ) 4 мектеп, мәдениет үйі, ФАП, кітапхана бар. Кеңшар негiзiнде 88 шаруа қожалығы құрылған (2006). Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы елді мекендері‎ Санат:Қазақстан темір жол бекеттері