Селена Мари Гомес (, 22 шілде 1992 жылы туған, Гранд-Прейри, Техас, АҚШ) — американдық кино актрисасы, әнші, композитор, әндер сөзінің авторы, ЮНИСЕФ қайырымдылық қалауының елшісі. "Вэйверли Плейс сиқыршылары" (2007-2012) телехикаясындағы Алекс Руссо рөлі үшін Kids’ Choice Awards (2009, 2010, 2011, 2012) пен ALMA Award (2009) сыйлықақыларына ие болды.
2009 жылдан бастап Selena Gomez & the Scene поп-рок-группасының солисті болған. 2012 жылы коллектив мансаптарындағы үзіліс туралы айтты да, Селена соло мансабын бастады.
Сонымен қатар, Селена қайырымдылықпен айналысады. Ол ЮНИСЕФ-тің қайырымдылық қалауының елшісі болып табылады. 2009 жылы оның құрамына кіріп, ең жас мүшесі болып аталды.
Өмірбаяны Селена Мари Гомес 1992 жылы 22 шілдеде Гранд-Прейри (Техас, АҚШ) қаласында Мэнди Корнетт және Рикардо Гомес отбасында дүниеге келді.
Әкесі — латиноамерикандық, ал анасының шығу тегі италиян-ағылшындықSelena Gomez and Jake T. Austin on being latin . Селена туылған кезінде анасы 16 жаста болды. Әнші қызға Селена есімі сол жылдары танымал болған әнші Селенаның құрметіне қойылыпты. Селена 5 жаста толғанда, оның ата-анасы ажырасып кетеді және анасы өз қызын жалғыз тәрбиелеп, өзінің театрлық тәжірибесімен әртістік қызметті таңдауына шабыттандырады. Анасы, Аманда, 2006 жылы Брайана Тифиге тұрмысқа шығады. .
2010 жылдың мамырында Селена орта мектепті бітіргендігі жайлы дипломға ие болады.Selena Gomez Graduates High School — On Screen & Off | Access Hollywood — Celebrity News, Photos & Videos. Access Hollywood (2010-05-12). Retrieved on 2010-11-17.
Жеке өмір 12 жасында АҚШ-та дәстүрге сай Селена «тазалықтың сақинасын» қолына таққан, демек ол үйлену тойына дейін өзінің пәктігін сақтап қалуға уәде берді. 2011 жылдың көктемінде Гомес сақинаны алып тастады. 2008 жылдан бастап Ник Джонаспен кездескен, бірақ 2010 жылдың басында жұптар қарым-қатынасты үзіп тастады. 2009 жылы ол актер Тейлор Лотнермен кездесті, бірақ жұбайлар ажырасып, жақсы достар болып қала берді. 2023 жылғы маусымда Гомес музыкалық продюсер Бенни Бланкомен қарым-қатынасын бастады. 2024 жылғы 11 желтоқсанда олардың некелесуге шешім қабылдағаны жарияланды. Жұп 2025 жылғы 27 қыркүйекте Калифорния штатының Санта-Барбара қаласында үйленді.
Дискография
Студиялық альбомдар Stars Dance (2013) Revival (2015) Rare (2020)
Ән-жинақ
For You (2014)
Мини альбомдар
For You — EP (2015) Revelación (2020)
Синглдар Атауы Жыл Альбом«Come & Get It»2013Stars Dance«Slow Down»«The Heart Wants What It Wants»2014For You«Good For You» (featuring A$AP Rocky)2015Revival«Same Old Love»«Hands to Myself»2016«Kill Em' With Kindness»«Bad Liar»2017Rare«Fetish» (featuring Gucci Mane)«Wolves» (Marshmello-мен бірге)«Back To You»201813 Reasons Why: Season 2/ Rare«Lose You To Love Me»2019Rare«Look At Her Now»«Rare»2020«Boyfriend»«De Una Vez»2021Revelación«Baila Conmigo» (Rauw Alejandro-мен бірге)«Selfish Love» (DJ Snake-пен бірге)«999» (Camilo-мен бірге)TBA
Шақырылған әртіс ретінде Атауы Жыл Альбом«Whoa Oh! (Remix)» (Forever the Sickest Kids featuring Selena Gomez)2009альбомсыз«I Want You To Know» (Zedd featuring Selena Gomez)2015True Colors«We Don't Talk Anymore» (Charlie Puth featuring Selena Gomez)2016Nine Track Mind«Trust Nobody» (Cashmere Cat featuring Tory Lanez & Selena Gomez)9«It Ain't Me» (Kygo featuring Selena Gomez)2017альбомсыз«Taki Taki» (DJ Snake featuring Ozuna, Cardi B & Selena Gomez)2018Carte Blanche«Anxiety» (Julia Michaels featuring Selena Gomez)2019Inner Monologue, Part 1«I Can't Get Enough» (Benny Blanco featuring Tainy, J Balvin & Selena Gomez)альбомасыз«Past Life» (Trevor Daniel featuring Selena Gomez)2020«Ice Cream» (BLACKPINK featuring Selena Gomez)The Album
Чартта болған әндер Атауы Жыл Альбом«New Classic» (Дрю Селлимен біргн)2009Another Cinderella Story«One And The Same» (Деми Ловатомен бірге)Disney Channel Playlist«Birthday»2013Stars Dance«Stars Dance»
Selena Gomez & the Scene тобының дискографиясы
Студиялық альбомдар Kiss & Tell (2009) A Year Without Rain (2010) When the Sun Goes Down (2011)
Ән-жинақ The Club Remixes (2010) Artist Karaoke Series: Selena Gomez & the Scene (2011)
Синглдар Атауы Жыл Альбом«Falling Down»2009Kiss & Tell«Naturally»2010«Round And Round»A Year Without Rain«A Year Without Rain»«Who Says»2011When the Sun Goes Down«Love You Like a Love Song»«Hit the Lights»2012
Промосинглдар Атауы Жыл Альбом«Live Like There’s No Tommorow»2010A Year Without Rain«Bang Bang Bang»2011When the Sun Goes Down
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Ресми веб сайты
Санат:22 шілдеде туғандар
Санат:Америкалық поп әншілер