Антони Гауди-и-Корнет (сондай-ақ Антонио; , ; 25 маусым 1852, Реус, Каталония — 10 маусым 1926, Барселона) — испаниялық сәулетші, жобаларының көпшілігі танымал, соның ішінде ең үлкен құрылысы Барселонада салынған Sagrada Familia ғимараты.
Өмірбаяны 1852 жылдың 25-маусымында Каталонияның Реус қаласында қолөнершінің үйінде дүниеге келеді. Франсеска Гауди-и-Серра мен Антонии Корнет-и-Бертранның төрт баласының да денсаулығы өте нашар болып, екі ұлы бүлдіршін кездерінде-ақ көздерін жұмған. Сондықтан бесінші болып туған Антонио Гаудиді тез арада шоқындырып, анасының құрметіне атайды. Кішкентай кезінен бастап шорбуын ауруының ауыр түріне шалдыққан бала, өз құрдастарымен жүгіріп ойнай алмайтын. Оған отырып-тұрудың өзі ауыр түсетін. Сондықтан, әйгілі сәулетшінің балалық шағы жалғыздықта, үйінің алдындағы ағаш түбінде өткен.
Ауруының кесірінен аурухана аралап үйренген нәресте күндердің күнінде анасы мен дәрігердің сөзін естіп қалады. Дәрігер баланың жақын арада көз жұматындығын айтқан болатын. Осы уақиғадан кейін Гауди анасымен бірге шіркеуге барған кезінде әулие Марияның алдында тізе бүге алмайтындығынан басын ғана еңкейтіп: - «Осынша ұзақ уақыт өмір сүргенім үшін рахмет» - деп айтқан болатын. Сәби кезінен бастап өмір үшін күрескен зерек бала, өсе келе сурет салғанды ұната бастайды. Ал мектеп бітіргеннен кейін сәулетші болуға бел буады. Ол табиғатты сүйіп, сұлулығына тамсанатын болғандықтан өз туындыларының әрқайсысын табиғатқа ұқсатуға тырысатын болады және данышпан түзу сызықты ұнатпайтын. Оның ешбір ғимараты түзу болмаған. Өйткені Гаудидің өз сөзімен айтқанда: - «Табиғатта түзу сызық жоқ. Түзу сызықты адам ойлап тапқан» деген.
Гауди оқу бітірер кезінде оның ұстаздары: «Ол немесе данышпан, немесе есі ауысқан» - деп, айтқан екен. Гауди Барселонаның ең ғажайып сәулетшісі. Осы ғимараттар Барселона қаласын ертегі әлеміне айналдырғандай. Гауди 1926 жылдың 7 маусымында трамвай жолында қаза табады.
Салған атақты жұмыстары Гуэль саябағы. «Каса Батло» үйі. «Sagrada Família» ғимараты.
Дереккөздер
Сілтемелер Gaudí's life and works Overview of Gaudí's major works Sagrada Família information and discussion of lesser-known Gaudí works Sagrada Família image gallery Casa Batlló information and image gallery Analysis of fractals and other mathematical elements in Gaudí's architectural style Pàgina del Cercle Artístic de Sant Lluc Antoni Plàcid Guillem Gaudí i Cornet A virtual walk through the Guard House at Park Guell
Санат:Испания сәулетшілері Санат:Каталония сәулетшілері Санат:Барселона сәулетшілері Санат:XIX ғасыр сәулетшілері Санат:XX ғасыр сәулетшілері Санат:Модерн сәулетшілері Санат:Барселонада жерленгендер Санат:Антонио Гауди