нобай|Астанадағы Ұлттық архив ғимараты Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві — қоғамның материалдық және рухани өмірін бейнелейтін Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылатын тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени маңызы бар тарихи жинақталған және үнемі толықтырылып отыратын архивтік құжаттар қоры. Ұлттық архив Қазақстанның архив мекемелері жүйесіндегі маңызды буын, жалпыұлттық маңызы бар ғылыми-ақпараттық және мәдени-тарихи орталық болып табылады.

Тарихы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2002 жылдың 12 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві ғимаратын 2003 жылғы Астана қаласындағы құрылыс нысандары Тізіміне енгізу туралы № 01-8. 15 тарихи және тағдырлы хаттамалық шешіміне сәйкес құрылды.

2006 жылдың 19 шілдесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» мемлекеттік мекемесін құру туралы» № 692 қаулысы шықты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ресми ашылуы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15-жылдығы қарсаңында 2006 жылдың 14 желтоқсанында салтанатты түрде өткізілді.Архив тарихы

Мақсаттары барлық жеткізгіштер түріндегі архивтік құжаттарды толықтыру, сақтау және пайдалану; құжаттар көшірмелерінің Мемлекеттік сақтандыру қорын құру, есепке алу және сақтау; архив ісі мен құжаттама жүйелерінің Біртұтас автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру және қызмет ету.

Архив құжаттарын пайдалану Архив құжаттарын пайдалану мәселесінде архивтердің кеңестік дәуірде алдымен Коммунистік партияның мүддесіне қызмет атқарып, тек кеңестік жүйе ыдырығаннан кейін барлық пайдаланушыларға бірдей қызмет ете бастағаны белгілі.

Бүгінде еркін қол жеткізуге болатын архив құжаттарын кез келген пайдаланушы өз мақсатына ашық пайдалана алады. Мемлекеттің аса құпия мағлұматтары бейнеленген құжаттарды оның қауіпсіздігін қорғау мақсатында пайдалануға шек қойылған.

Архив құжаттарымен жұмыс істеуде арнайы қабылданған ережелерді, яғни ақпаратты іздестіруде анықтамалық аппаратты пайдалануды, көне мәтіндерді оқи білу қажет.

Тарихи деректерді кеңінен пайдалану мәселесінде барлық архивтердің ақпараттық қызметі интеграциялануы маңызды болып табылады. Ақпаратты пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтетін осы бағыт кең көлемді ақпаратты жылдам алуды қамтамасыз етеді.

Қоғамның білімге деген қажеттіліктері қазір жаңа тасушылардағы ақпараттарды қабылдауға мүмкіндік береді. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында шетелдерде Қазақстан тарихына қатысты жазба деректерді іздестірумен айналысатын археографиялық комиссиялар нәтижелі жұмыстар атқарды.

Шетелдік архивтер, кітапханалар, ғылыми-зерттеу мекемелерінің сирек қолжазбалар бөлімдерінен іздеп табылған тарихи құнды құжаттардың біраз бөлігінің көшірмелері алынды. 2002-2005 жылдар аралығында барлығы 35 мыңнан аса тарихи құжаттар анықталды.

Отандық архивтерде сақтаулы құжаттардың басым бөлігімен көпшілік және ғылыми орта таныс. Тарихи, мәдени, саяси маңызға ие құжаттарды түрлі салаларда пайдалану да кеңінен жүргізілуде. Архив мекемесі құжаттарды мүлтіксіз қорғап, сенімді жерде сақтауды қамтамасыз етеді және ұлттық тарихи-мәдени мұраны іске пайдаланады.

Ұлттық архив ғимараты Жаңа астанада бүгінгі уақыт талабына сай Ұлттық архив құру идеясы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен 2002 жылы 12 желтоқсандағы № 01- 8.15 тарихи хаттамалық шешімімен Ұлттық архив ғимаратын 2003 жылы Астана қаласында салынатын мемлекеттік нысандар тізбесіне енгізілді.

Бұл ТМД елдерінде халықаралық стандарттар мен талаптарға сай жоғары технологиялық мұрағаттық құралдармен жабдықталған бірден – бір мекеме болып табылады.

Ғимаратқа сипаттама

Бұл қазіргі заман талабына сай көркем де әсем ғимарат, оның тоғыз қабатты, көк тіреген күмбезді қоймасы шығыстық стилдегі шексіздік пен тұрақтылықты бейнелейді, ал әкімшілік бөлігінің еуропалық стилі Есіл өзенінің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік Елорда орталығын толықтырып тұрғандай.

Егерде Министрліктер ғимаратын аспанда қалықтап жүрген құстың бейнесіне ұқсатсақ, Ұлттық архив ғимараты өткеннен болашаққа көз салған көз жанарына ұқсайды. Жалпы аумағы 12725 шаршы метрді алып жатқан ғимарат дәстүрлі түрдегі және электронды тасымалдаушылардағы архивтік құжаттарды сақтауға арналған екі блоктан тұрады.

1 блок – 9 қабатты архивті сақтау қоймасы (тік доминантты күмбез пішінінде); 2 блок – 4 қабатты доға пішініндегі әкімшілік-басқару және зерттеу үшін қолданылады.

Бірнеше оқу залдары, синхронды аудармамен қамтылған конференц–зал, кино, көрме және интернет залдары, Ұлттық архив қорларына арналған экспозициялық холлдар бар. Құжаттарды консервациялау, өңдеу, микрофильмдеу және көшірме жасау лабораториялары орналасқан. Ғимарат ішкі ылғалдылығын бақылау үшін, өрт дабылы, газдық өрт сөндіру құралдары, бейнебақылау камералары, электронды рұқсат жүйесі және т.б. құралдармен жабдықталған.

Жалпы алғанда, мұнда халықтың құжаттық естеліктерін сақтаушы және жинақтаушы – архившілер қызмет атқаруға және құнды құжаттарды алдағы жүзжылдыққа сақтап жеткізуге жағдайлар жасалған. Архив ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруда архив ісі, басқару қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және құжаттама жүйесін дамыту мәселелері бойынша 70-тен аса нормативтік-құқықтық кесімдер мен әдістемелік құжаттар дайындалды.

Халықаралық қатынастар Қазақстан үшін тарихи-мәдени құндылығы бар құжаттарды шетел архивтерінен, кітапханаларынан және ғылыми мекемелерінен іздестіру және сатып алу жөнінде қабылданған шаралар нәтижесінде Ұлттық архив қорының құрамы мен мазмұны толыға түсті. Армения, Египет, Ұлыбритания, Германия, Ресей, АҚШ, Түркия, Қытай, Венгрия мен Польшадан 35 мыңнан аса құнды тарихи құжаттық деректер анықталды.

Олардан отандық архивтерде баламасы жоқ 147 377 кадр микрофильм, 16808 парақ құжат, 785 архивтік іс, 27 шығыс қолжазбасының көшірмесі, 52 киноқұжат, 1819 фотонегатив, 113 түрлі-түсті слайдтар, 12 ортағасырлық карта көшірмесі, 400 архивтік құжаттар жинағы, анықтамалықтар сатып алынды.

Архив ісі саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Араб Египет Республикасы Мәдениет министрлігімен,Арменияның аумақтық басқару минис­трлігімен, Польша мемлекеттік архив Бас дирекциясымен, Түркия Премьер-Министрі жанындағы мемлекеттік архив Бас дирекциясымен, Моңғолия және Өзбекстанның архив ісі жөніндегі басқармаларымен, АҚШ Холокост мемориалдық мұражайымен келісімдер жасалды.

Ұлттық архивте Мұрағат және ақпарат комитетінің Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттары және дыбыстық жазбалар архиві Қазақстандағы АҚШ елшісінің грантын қолдана отырып өңдеген документальды фильмдерінің тұсаукесері, «Оқитын ел - бәсекеге қабілетті қоғамның негізі» атты Халықаралық Оқу Конгресі секциясының жиналысы, «Архивтік мекемелердің баспасөз қызметі: қазіргі жағдайы және болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық семинары, «Электронды құжатайналым және архивтер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді.

Осы іс-шараларға Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының төрағасы Қ.Қ.Тоқаев, Мәдениет және ақпарат министрі Е.Е.Ертісбаев, Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, АҚШ елшісі Джон Ордвей, Словакия елшісі Душан Подгорски, ғалымдар, жазушылар, мәдениет,архив және кітапхана мекемелерінің қайраткерлері, журналистер, жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты.

2007 жылдың 14-18 сәуір аралығындағы француз және неміс киносының фестивалі аясында Франция Елшілігі мен неміс тілі Орталығының бірігуімен әлемге әйгілі Клод Шаброль, Ренер В. Фассбиндер режиссерларының кинофильмдерінің көрсетілімі өтті.

Көрмелер "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партияның ХII -ші съезі "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партияның ХII -ші съезіне арнап архивтік құжаттар көрмесі 2009 жылдың 15 мамырында Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында өтті.

"Нұр Отан" ХДП-ның қызметіне арналған стендіде архивтік құжаттар мен материалдар келесі бөлімдерде қойылды: "Нұр Отан" ХДП-ның көшбасшысы-Н.Ә.Назарбаев, "Нұр Отан" ХДП-ң құрылуы, "Қазақстан Республикасының Президенттігіне Н.Ә.Назарбаевтың кандидаттығын ұсыну туралы партияның сайлау алдындағы блогының қызметі", "Нұр Отан" ХДП-ның кезектен тыс съездерінің материалдары", "Партияның шет елдері саяси партияларымен ынтымақтастығы", "Партияның Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығы". Құрамы мен мазмұны жағынан көрмеге қойылған құжаттар мен материалдар ерекше сипатқа ие және партияның құрылу кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі даму тарихына жан-жақты шолу жасайды.

Бұл көрмеде қойылған құжаттар Қазақстан Республикасы Президенті архиві, Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві, "Нұр Отан" ХДП-ң Орталық аппаратының ведомстволық архиві мен партия филиалдары қорларынан, Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, партия ардагерлері мен белсенділерінің материалдарынан пайдаланылды.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтар Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде 2010 жылдың 6 мамырында «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» Қоғамдық бірлестігімен бірге Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтар» атты құжаттық көрмесі өтті.

Көрме төменгі алты бөлімнен тұрды: «Соғыс осылай басталып еді...»; «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында»; «Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!»; «Великий подвиг ваш история хранит»; «Тарихта қалған ұлы ерліктер»; «Астана қаласының «Мемориальдық зона» және Хромтау қаласының «Естелік» іздестіру отрядының қызметі».

Көрмеге: Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві қорынан, Ақпарат және мұрағаттар комитетінің Орталық мемлекеттік архивінен, Астана, Алматы қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс-Қазақстан және басқа облыстардың архивтік мекемелерінен, Республиканың ардагерлер ұйымынан таңдап, іріктеліп алынған 200 астам құжаттар мен материалдар қойылды.

Қазақстан Республикасының Коституциясы – тұрақтылық, келісім, өрлеу 2010 жылдың 10 тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің көрме залында Конституцияның қабылданғанына 15 жыл толуына орай «Қазақстан Республикасының Коституциясы - тұрақтылық, келісім, өрлеу» атты құжаттық көрменің ашылуы салтанаты өтті. Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде мемлекеттік мерекелер мен айрықша даталаға арнап Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендік кезеңіндегі жаңа тарихына қатысты архивтік құжаттар мен материалдардан көрме ұйымдастыру дәстүрге айналды.

Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы Ел тәуелсiздiгінiң 20 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» атты құжаттық көрмесін өткізді.

Көрме 7 бөлімнен тұрды:

«Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы» бөлiмі: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісу туралы» 1991 жылдың 10 желтоқсанындағы қаулысы; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылдың 26 желтоқсанындағы Конституциялық Заңы және тағы да басқа құжаттар арқылы көрсетілген.

«Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі Декларацияны қабылдау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау» бөлімін: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың 1991 жылдың 9 желтоқсанында «Қазақ КСР атауын өзгерту» туралы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесіне жолдаған хаты; 1991 жылдың 16 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы; 1991 жылдың 20 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1991 жылдың 21 желтоқсанындағы ТМД-ға мүше мемлекет басшылары Кеңесінің хаттамасы;