Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты - өз қызметін 1974 жылдың 1 наурызынан бастады. Қазақстан мұрағаттары өзінің қоймалары қойнауында көлемі мен мазмұны бойынша бірегей, аса бай ақпараттық әлеуетке ие қорларды сақтайды. Бұл құжаттар Қазақстан тарихын зерттеу үшін өте құнды дереккөз материалдары болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты ХІХ ғасырдың соңынан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның ғылымы мен техникасының қалыптасуы және дамуы тарихы бойынша құжаттарды сақтайтын аса ірі мекеме.
Іс шаралары Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатында Алматы қаласының аумағына орналасқан республикалық және бұрынғы одақтық бағыныштылықтағы ғылыми-зерттеу, жобалау, конструкторлық технологиялық ұйымдар мен мекемелердің қызметі нәтижесінде құрылған ғылыми-технгикалық және басшылық құжаттамалар мемлекеттік сақтауға алынған. Мұрағатта бүгінгі күні мемлекеттік сақтауда 184621 сақтау бірлігі бар. Оның ішінде:
ғылыми-техникалық құжаттама көлемі 105925 сақтау бірлігін құрайды, олардың 18654 сақтау бірлігі ғылыми-техникалық, 2265 сақтау бірлігі – конструкторлық, 83005 сақтау бірлігі – жобалау, 2001 сақтау бірлігі – патенттік құжаттар болып табылады. басшылық құжаттамалар көлемі 59036, жеке тектік құжаттар 3608, жеке құрам бойынша құжаттар 16052 сақтау бірліктерінен тұрады. Барлығы мұрағатта 156 қор сақталады.
Олардың хронологиялық шегі 1775 жылдан 2007 жылға дейінгі аралықты құрайды. Мұрағат қорларының құрамы мамандандырылған мұрағаттың ерекшеліктерін көрсететін төмендегі жинақтаушы ғылыми-техникалық құжаттар тобынан тұрады: ғылыми-зерттеу құжаттамасы; конструкторлық құжаттама; технологиялық құжаттама; жобалау-сметалық құжаттама; патенттік құжаттама; басшылық құжаттама. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты құжаттарының маңызды бөлігін Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Сібір электр энергетикасы нысанадарының, азаматтық-тұрғын үй, өнеркәсіп және машина жасау, мелиорация, су және орман шаруашылығы саласы құрылыстарының жобалау құжаттамалары құрайды. Көптеген қорлар сейсмикалық аса қауіпті аймақтарда қала құрылысы бойынша құжаттардан тұрады. Алматы қаласының тұрғын үй және азаматтық құрылыстарының жобалары бойынша, соғыстан кейінгі кезеңнен бүгінге дейінгі қазақстандық архитектура мектебінің барлық даму тарихын көруге болады. Құрылыс материалдарын, металл құрылымдарын, ауыл шаруашылық машиналары мен механизмдерін, жеңіл және тамақ өнеркәсібі бұйымдарын өндіру, аспап жасау өндірісін дамыту жолын көрсететін конструкторлық және технологиялық құжаттамалар ерекше көкейкесті материалдар болып саналады. Экономиканың, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, медицина мен білім берудің түрлі салаларындағы ғылыми зертеулерін көрсететін республикалық жетекші институттар мен ғылыми орталықтардың ғылыми-зерттеу құжаттамалары бүгінгі зерттеушілер тарапынан үлкен қызығушылық танытады. Машина және оның механизмдері, азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстардың инженерлік имараттары, сондай-ақ, ауыл және су шаруашылығы, тұрмыыстық қызмет көрсету, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларындағы өнертапқыштық куәліктері, патенттік құжаттамалары өзіндік маңызға ие және әр алуан.
Мұрағат қоры Басшылық құжаттамалар ғылыми-техникалық құжаттамаларды толықтыратын ақпараттар көзі болып табылады, және ол бұйрықтар мен есептік-жоспарлау құжаттамалардан, негізгі қызмет жөніндегі жабдықтар, жаңа технологиялық процестерді енгізу, ғылыми зерттеулердің тақырыптары, ғылыми-техникалық ынтымақтастық т.б. туралы хат алмасулардан тұрады. Құжаттардың ақпарат сақтау тәсілдері әртүрлі: машинада терілген мәтіндер, калька, сәулелі көшірмелер, ватман, фотоқұжаттар, ХVIII-XIX ғасырлардың ерте жобаларында – батист. Мекемелер мен кәсіпорындардың қызметі нәтижесінде құрылған құжаттармен қатар, мұрағатқа Қазақстанның ғылым мен техника саласындағы көрнекті қызметкерлерінің өмірі мен қызметі тарихынан хабар беретін жеке құрам құжаттары да мемлекеттік сақтауға алынған. Олардың қатарында Ә.Ш. Тәтіғұлов, П.И. Мариковский, Ғ.Ә. Қалиев, М.И. Усанович, М.Ш. Мәжитов, Т.С. Жасыбаева, С.Г. Космериди, П.Т. Гуляевский т.б. белгілі қайраткерлер бар. Бүгінгі таңда 3302 сақтау бірлігінен тұратын 28 жеке құрам қоры мемлекеттік сақтауда. мұрағат қызметкерлері аса құнды құжаттар мен қорларды ақықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізеді, оларға жеке тізімдемелер мен есеп карточкалары құрылады, сақтандыру қоры мен аса құнды құжаттардың көшірмелерін пайдалану қорын құру үшін құжаттарды микрофильмдерге көшіреді. бүгінге күнге дейін 1532089 микрофотокөшірме дайындалды.
Түрлі ұйымдастыру-құқықтық формалары мен меншік формаларындағы, өзінің қызметі барысында ғылыми-техникалық құжаттар құраушы республиканың жетекшіұйымдары, кәсіпорындары мен мекемелері ОМҒТҚМ қор құраушылары болып табылады. Олардың ішінде: «КАZGOR» Жобалау академиясы, «Ауыл шаруашылығын механизациялау және электрификациялау ҒӨБ» РМК, «Водоканалпроект» Қазақ мемлекеттік ғылыми зерттеу жобалау институты, «Казинвестстрой» ЖШС, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамасы ҒЗИ, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық туберкулез проблемалары.
Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын пайдалану және жариялау бойынша мұрағат белсенді жұмыстар атқарып келеді: «Қазақстанның ауыл шаруашылығы кәсібі бойынша ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдардың тарихы» (ОМҒТҚМ құжаттары бойынша), «Академик Ә.Ш. Тәтіғұлов», «Қазақстанның медициналық ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдарының тарихынан» және басқа да анықтамалықтар мен құжаттар жинағы жарық көрді.
Бүгінгі уақытта ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің қызметкерлері:
«Алматы қаласының жобалау тарихы. 1950-1980 жылдар», «Қазақстанның су ресурстары», «Жеке тек қорлары бойынша анықтамалық» құжаттар жинақтарын дайындады.
Мұрағат қорларының 2011 жылдың тізімі Бүкілодақтық орталық кәсіподақ кеңесі Орталық кәсіподақ курорттарын басқару кеңесі «Союзкурорт» курорттарды жобалау институтының ортаазиялық бөлімшесі Курорттарды жобалау жөніндегі ортаазиялық одақтық «Союзкурорт жобалау» институт бөлімшесі, ВЦСПС кәсіподақтық курорттарды басқару туралы Орталық кеңесі КСРО мемлекеттік құрлысы Бүкілодақтық мемлекеттік санитарлық- техникалық құрылғыларды және қондырғыларды жобалау жөніндегі «Сантехпроект» институты, Алма-Ата бөлімшесі КСРО түсті металлургия министрлігі Жобалау және ғылыми-зерттеу ұйымдарының бас басқармасы «Казмеханобр» түрлі-түсті металдарды кен байыту жөніндегі мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты Қазақ КСР мемлекеттік құрылыс «Казграждансельпроект» Қазақ КСР аймағында ауылдық тұрғылықты жерлер құру және жобалау жоспарларын жетілдіру және азаматтық тұрғын – үй құрылыс аймағын жобалау жөніндегі мемлекеттік бас жобалау институты КСРО энергетика және электрлендіру министрлігі Өнеркәсіптік куат және өнеркәсіптік отын энергиясын, қайта пайдаланған қуат қорларын тиімді пайдалану жөніндегі «ВНИПИэнергопром» бүкілодақтық мемлекеттік ғылыми-зерттеу және конструкторлық жобалау институтының ортаазиялық бөлімшесі Бүкілодақтық мемлекеттік ауылшаруашылығы өнімдерін алғашқы өңдеу бойынша бірыңғай және тәжірибелік жылыжай шаруашылығы мен кәсіпорындарын жобалау және ғылыми-зерттеу институтының «Гипронисельпром» Алма-Ата бөлімшесі КСРО Министрлер кеңесі Дайын өнімдер мемлекеттік комитеті «Промзернопроект» нанқабылдау, ұнжармасы, жемқоспасы қәсіпорындарын жобалау институтының қазақ бөлімшесі Мемлекеттік - акционерлік «Астық» компаниясы «КазНИИпромзернопроект» жарма және жем қоспалары кәсіпорындары мен қамба - элеватор шаруашылығын жобалау жөніндегі мемлекеттік ғылыми - зерттеу және жобалау институты КСРО мемлекеттік орман шаруашылығы комитеті Бүкілодақтық орман құрлысы бірлестігінің Қазақ орман құрлысы кәсіпорны. Қазақ КСР құрлыс материалдары өнеркәсіп министрлігі «Казоргтехстром» өндірістік технологиялық процестерді жөндеу және кәсіпорындарға техникалық көмек көрсету жөніндегі мамандандырылған конструкторлық-жобалау басқармасы Қазақ КСР құрлыс министрлігі «Казстройтехпроект» технологиялық-конструкторлық және жобалау институты Қазақ КСР ауыр индустрия кәсiпорындарының құрылыс министрлiгi «ЦБТИ» орталық техникалық ақпарат бюросы Қазақ КССР құрлыс министрлігі «ЦНИЛ» орталық ғылыми-зерттеу зертханасы «Главжелдорпроект» темiр жол көлiгi нысандарын жобалау жөніндегі бас басқарманың «Қазахжелдорпроект» Қазақстан теміржолдары iздену- жобалау институты Қазақ КСР ауылшаруашылығы министрлігі Машина жасауда ионды-электрондық технологияны қолдану жөніндегі аймақтық конструкторлық бюросы КСРО орталық «Центрсоюз» тұтынушылар қоғамдық кеңесі «Центросоюзпроект» жобалау институтының Алма-Ата бөлімшесі Құрлыс материалдары өнеркәсiп министрлiгi Құрылыс материалдарының ғылыми - зерттеу және жобалау ұйымдары бас басқармасының «НИИстромпроект» Алма-ата ғылыми зерттеу және жобалау институты Қазақ КСР жеңіл өнеркәсіп министрлігі Қазақ мемлекеттік жеңіл өнеркәсіп технологиялық – конструкторлық, жобалау институты КСРО химия және мұнай машиналарын жасау министрлігі «ГипроНИИхиммаш» мемлекеттiк химиялық машина жасау жобалау және ғылыми зерттеу институты Қазақ КСР қала және ауыл шаруашылығы құрлысы министрлігі «ЦНИЛ» орталық ғылыми-зерттеу зертханасы КСРО мемлекеттік құрлысы «Гипростром» Алма-Ата мемлекеттік құрлыс материалдары кәсіпорындарын жобалау институты Қазақ республикалық «Казбытсоюз» халықтың тұрмыстық қажетiн өтеу ұйымдары, кәсiпорындары және бiрлестіктері одағының «КазгипроНИКТИбыт» қазақ мемлекеттiк халықтың тұрмыстық қажетiн өтеу конструкторлық-технологиялық, жобалау және ғылыми- зерттеу институты «Проектная академия» жабық акционерлік қоғамы «Казгипрозем» Қазақ мемлекеттік жер өңдеу институтының Алма-Ата бөлімшесі КСРО жеңіл өнеркәсіп министрлігі «ГПИ-9» Мемлекеттік жеңіл өнекәсіп кәсіпорындарын жобалау институты КСРО мемлекеттік құрлысы Еңбек Қызыл Ту орденді «ЦНИИпроектстальконструкция» орталық металл құрылғылар құрлысы ғылыми-зерттеу және жобалау институтының қазақ бөлімшесі КСРО электрлендiру және энергетика министрлігі Қазан революциясы орденді «Энергосетьпроект» бүкілодақтық мемлекеттік энергетикалық жүйе және электрлік желі іздену-жобалау және ғылыми-зерттеу институтының қазақ бөлімшесі Қазақ КСР байланыс министрлігі Қазақ мемлекеттік «Казгипросвязь» байланыс нысандарын жобалау институты КСРО көлiк құрылысы министрлiгi Мемлекеттiк бүкiлодақтық жол ғылыми -зерттеу институтының қазақ филиалы КСРО сауда министрлiгi «Казгипроторг» қазақ мемлекеттiк сауда және қоғамдық қоректену кәсiпорындарын жобалау институты КСРО электрлендiру және энергетика министрлiгi «КазНИИЭ» қазақ энергетикалық ғылыми- зерттеу институты «Казгипрорыбхоз» акционерлік кәсіпорны КСРО электрлендiру және энергетика министрлiгi «Сельэнергопроект» бүкiлодақтық мемлекеттiк iздену- жобалау және ғылыми- зерттеу институтының қазақ бөлiмшесi Қаз. КСР ауыл шаруашылығы министрлiгi «КазНИИМЭСХ» механикаландыру және ауыл шаруашылығын электрлендiру ғылыми- зерттеу институты Қазақстан Республикасы мұрағаттары және құжаттама басқару комитетi Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк ғылыми-техникалық құжаттамалар мұрағаты Қазақ КСР жергiлiктi өнеркәсiп министрлiгі «Казгипроместпром» қазақ мемлекеттiк жергiлiктi өнеркәсiпті жобалау институты «Промстройпроект» жобалау институты ЖШС Қазақ КСР автомобиль көлiгi министрлiгi «КазНИПИАТ» Қазақ автомобиль көлiгiн жобалау және ғылыми - зерттеу институты «Союзводоканалпроект» бүкiлодақтық канализация және сумен жабдықтауды жобалау және ғылыми -зерттеу бiрлестігі *«Казводоканал» мемлекеттiк сумен жабдықтау, канализация және гидротехникалық құрылғыларды жобалау институты Қазақ КСР министрлер кеңесінің мемлекеттiк комитетi Құрылыс iстерiн жобалау ұйымдарының бас басқармасы «КазГИИЗ» инженерлiк iздестірулер қазақ мемлекеттiк бас институты КСРО мемлекеттiк құрылысы «ПромтрансНИИпроект» бүкiлодақтық өнеркәсiп көлiгiн жобалау және ғылыми –зерттеу институтының қазақ бөлiмшесi Космериди Спиридон Георгиевич – Қазақ ССР -на еңбек сіңірген сәулетші