Йоханна Гвюдрун Йоунсдоттир (; 16 қазан 1990, Копенгаген, Дания) — исландиялық әнші. Көбінесе Йоханна (бастапқы нұсқа — Jóhanna, қазіргі кезде аса көп қолданылатын вариант Yohanna — мысалы, Butterflies And Elvis альбомының тысында) лақап атымен белгілі. 2009 жылғы Eurovision ән байқауында екінші орынға ие болды.
Балалық шағы мен алғашқы альбомдары Йоханна Данияда дүниеге келген, бірақ екі жасында ол ата-анасымен бірге Исландияға көшеді — алдымен Рейкьявикке, сосын Хабнарфьордюр () қаласына — Исландияның оңтүстік-батыс жағалауындағы, Рейкьявик қаласынан оңтүстікке қарай 10 шақырым жерде орналасқан кішкентай порттық қалашық.
Сегіз жасынан бастап түрлі ән байқауларына қатысқан. Осындай байқаулардың бірінде оның талантын ән салу оқытушысы Мария Бьорк байқайды. Ол Йоханнаға өзінің музыка мектебіне түсуді ұсынған, және сол жерде Йоханна заманауи поп-музыканың орындау негіздерін ұққан. Барлығы дауысының диапазоны мен «ересектігіне» ғана емес, оның дауысының мiнсiз таза бақылауна да таң қалды.
Йоханнаның бірінші альбомы 2000 жылы шыққан, оның оныншы туған күніне, екінші — 2001 жылы, үшінші — 2003 жылы.
Уақытша Йоханна альбомдар шығаруды тоқтайды, Нью-Йоркте, Лос-Анжелесте дайындалып және дүние жүзiнен музыкалық продюсерлерiмен кездеседі. Бұл жасөспірім Йоханна үшін ауыр кезең болады. Көп уақытты студияда дайындық өткізуімен қатар,ол мектепте оқитын және достарымен кездесуге уақыты болмады.
Дискографиясы
Альбомдары Jóhanna Guðrún (2000) Ég Sjálf (2001) Jól með Jóhönnu (2003)
Butterflies and Elvis (2008)
Синглдері Slow Down (2011) Funny thing Is (SD) (2008)
Бейне-клиптері Lose Myself (2008) I Miss You (2009) Is It True? (2009) Indian Rope Trick (2012)
Сыртқы сілтемелер
Yohanna Official MySpace Yohanna на Tonlist.com Icelandic Music Team Yohanna — Home
Санат:Eurovision ән байқауындағы Исландия өкілдері Санат:Eurovision ән байқауы 2009 қатысушылары