Тұғыл (1992 жылға дейін – Приозёрный)О переименовании и упорядочении транскрибирования на русском языке наименований отдельных административно-территориальных единиц Республики Казахстан — Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы ауыл, Тұғыл ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Ақжар ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде, Зайсан көлінің оңтүстік жағасындағы далалы өңірде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен74834744 4094 86,3 2340 2056 87,9 2404 2038 84,8
Тарихы Іргесі 1958 жылы өзен айлағы есебінде қаланды. Тұғыл аудандағы бірден-бір өнеркәсіп орталығы болып табылады. Мұнда республикалық маңызы бар балық өңдеу кәсіпорны, машина-трактор жөндеу шеберханасы, мұнай базасы, байланыс бөлімшесі жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы 2 орта мектеп, балабақша, мәдениет сарайы, кинотеатр, кітапханалар, аурухана, дәріхана бар. Тұғыл арқылы Зайсан – Қалбатау – Өскемен автомобиль жолы өтеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Дереккөздер
Санат:Тарбағатай ауданы елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері