Түркебаев Едіге Айтжанұлы(1929 жылы туған, Алматы облысы Райымбек ауданы Жалаңаш ауылы — 2016) – экономика ғылымының докторы (1976), профессор (1982), Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі (2003), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1979).
Қысқаша өмірбаяны:
1951 жылы Мәскеу болат және қорытпа институтын бітірген; 1957 жылы осы институттың аспирантурасын бітірген; 1951–1954 жылдары Қазақ металлургия зауытында болат қорытушы шебер, цех бастығы, мартен цехы бастығының орынбасары; 1957–1961 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында кіші ғылыми қызметкер, Қарағанды химия-металлургия институтының ғалым-хатшысы; 1961–1965 жылдары Қарағанды металлургия комбинатында бас инжинердің орынбасары, бас металлургі; 1965–1977 жылдары Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының жанындағы Экономикалық ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары; 1977–1988 жылдары институт директоры; 1988–1996 жылдары Қазақ ұлттық техникалық университетінде кафедра меңгерушісі; 1996 жылдан профессор қызметтерін атқарды;
1974 жылы «Технико-экономические проблемы повышения эффективности развития и размещения цветной металлургии Казахстана» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2 рет «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер: