Тышқантау – Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік сілеміндегі тау.
Географиялық орны мен жер бедері Қазақстан (Жетісу облысы Панфилов ауданы) мен Қытай шекарасында. Абсолюттік биіктігі 4005 метр. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып жатыр, ені 25 – 30 км. Тау мұздықтарынан Өсек және Қорғас өзендерінің салалары бастау алады.
Геологиялық құрылымы Силур, девон, карбон жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Беткейлерінде Тянь-Шань шыршасы, сібір самырсыны өседі.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Панфилов ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы Санат:Қытай таулары