MS Serenade of the Seas (Теңіз серенадасы) — Американдық Royal Caribbean Cruises Ltd. компанияның меншігіндегі, 2003 ж. Германияның Папенбург қаласындағы Meyer Werft GmbH верфінде соғылған, «Radiance» класындағы үшінші круизді кеме. Өзінен басқа Radiance of the Seas, Brilliance of the Seas және Jewel of the Seas атты егіз сыңар кемелері бар. Лайнердің өкіл анасы қара нәсілді голливудтің күлдіргі актрисасы Вупи Голдберг атанады.

Тарихы 28 сәуірде 1998 ж. Royal Caribbean Cruises Ltd. компаниясы немістің Meyer Werft кеме соғу компаниясымен келісім шартқа отырады.

18 ақпанда 2002 ж. зауыт нөмірі 657-ші киль төселеді. 20 маусымда 2003 ж. Serenade of the Seas-тің құрылысы бітеді. 1 тамызда өзінің алғашқы сапарын бастап, 25 тамызда аяқтайды. Кеме круизін Сан-Хуана (Пуэрто-Рико) айлағынан бастайды. 2012 ж. жоспар бойынша Жерорта теңізімен саяхаттайды.

Кемедегі ойын-сауықтар Лайнерде 1050 каюта бар. Соның ішінде: 813 сыртқы каюта 577 балконды каюта 237 ішкі каюта Ерекшеліктері: жасанды жартас Portofino италияндық мейрамхана Casino RoyaleSM

Тағы қараңыз Radiance of the Seas Brilliance of the Seas Jewel of the Seas Алып жолаушылар лайнерлер тізімі Royal Caribbean International

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Royal Caribbean International бетінде кеменің сипаттамасы MarineTraffic-те кеменің сипаттамасы және суреті ХMEYER WERFT бетінде кеменің сипаттамасы (немісше) (швед тілінде)

Санат:Круизді кемелер