Шеффлера () – аралия тұқымдасына жатады. Шығыс Азия, Қытай, Жапония, Вьетнам және Австралияда таралған. Табиғатта 150-ге жуық түрі бар. Кейпі кішкене ағаш немесе бұта секілді. Жапырақтары жайылған алақан тәрізді сабақ басында тарамдала орналасқан 5-тен 20 талға дейін болады. Қою жасыл және ақ немесе сары дақтары бар алажапырақты түрлері бар. Отанында өте әдемі гүлдегенімен, үй жағдайында гүлдемейді. Ағаштектес шеффлера (schefflera arboricola) – көпбұтақты, әдемі жапырақты өсімдікке жатады. Жасыл және алажапырақты түрлері бар. Бір сабақтарда 7-ден 16-ға дейін жапырақтары болуы мүмкін. Жапырағы етті, қатқылдау, беті жылтыр. Күтімі жеңіл гүлдерге жатады. Ересек өсімдіктің бойы 2-2,5 метрге жетеді, сондықтан үлкен, кең бөлмелерде және қысқы бақтарда өсірген абзал. Жарығы: Тік түсетін күн көзіне қоюға болмайды, жарықта жақсы өседі.

Жылуы: Қыста бөлме температурасының 120С дейін төмендеуіне шыдамды. Суғарылуы: Молынан сирек, қыста байқап суғару керек. Жиі суғарғаннан да жапырақтары түсіп қалады.

Ылғалдылығы: Жапырақтарына жиірек су бүркіп ылғалдандырып тұрған дұрыс Қоректендірілуі: Көктем-жаз айларында он күнде бір рет, ал қыста айына бір рет әдемі жапырақты өсімдікке арналған тыңайтқышпен қоректендіреді. Аурулары: Бөлмеде ауа өте құрғақтанып кеткенде өрмекші және зиянкестердің әсерінен ауыруы мүмкін. Көбейтілуі: Сабақ ұшы қалемшелерімен және жартылай ағаштанған сабақтары арқылы көбейтеді.

Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт

Дереккөздер "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727

Санат:Аралия тұқымдасы