Наото Кан ( Кан Наото, 10 қазан 1946, Убе, Ямагути) — Жапония мемлекеттік және саяси қайраткері, премьер-министрі (2010–2011). Убе қаласында туған, Токио технология университетін бітірді. 1970 жж. елінің қоғамдық және саяси өміріне қатыса бастады. 1980 жылда шағын Социал-демократиялық федерацияның өкілі ретінде Жапония парламентінің төменгі палатасына тұнғыш рет депутат болып сайланған. 1996 ж. алғашқы рет Жапония үкіметіне кірді. Жапония Демократиялық партиясын Юкио Хатоямамен бірге басқарды.

Премьер-министр 2010 жыл маусымның 4 Наото Кан 480 дауыстың 313 дауысын алып, басым көпшіліктің қолдауына ие болып, жаңа үкімет басшысы болып сайландыДемократиялық партияның жетекшісі Наото Кан Жапонияның жаңа премьері болып сайланды . 2011 жер сілкінісі зардабын жоюда тиянақсыздық, асығыстық, шалағайлық танытып, қатаң сынға алынды. Сол жылдың тамызында Демократиялық партияның басшылығынан кету туралы өтініш жасап, премьер-министрлік қызметінен тастап кеттіНаото Кан отставкаға кететін ресми түрде жариялады .

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер ресми сайт Жапония Демократиялық партиясы

Санат:Жапония премьер-министрлері Санат:Жапония қаржы министрлері