right|200px|thumb|Станислав Миколайчик
Станислав Миколайчик (; 18 шілде 1901, Хольстерхаузен, Гельзенкирхен маңы, Германия – 13 желтоқсан, 1966, Вашингтон, АҚШ), – польшалық мемлекет қайраткері. 1931-39 жылдары Польшаның шаруалар партиясын құрушы әрі көшбасшысы болған. Польшаны Германия басып алғаннан кейін (1939 жылы), ол Лонданға қашып кетеді. Ол жерде 1940-43 жылдары вице-премьер, ал 1943-44 поляк үкіметінің премьер-министрі болады. 1945 жылы Батыста болған жалғыз поляк саясаткері Польшаға қайта оралып, премьер-министрдің екінші орынбасары және уақытша коммунистік үкіметтің егін шаруашылық министрі қызметін атқарады. Демократиялық одақ құруға тырысады, бірақ коммунистер тарапы Польшаның шаруалар партиясының ізіне түскендіктен, 1947 жылы Ұлыбританияға, содан кейін АҚШ-қа қашуға мәжбүр болған.
Сыртқы сілтемелер Станислав Миколайчик: Полбшаның қиын кезеңдері. Кеңес Одағының басымдылығы. Сампсон Лоу, Лондон, 1948 Андрей Пакховский: Станислав Миколайчик, шындыққа тура қарайтын. Варшава 1991, ISBN 83-85028-82-X Роман Бузек: Станислав Миколайчик. Торонто 1996.
Санат:1901 жылы туғандар Санат:1966 жылы қайтыс болғандар Санат:Польша премьер-министрлері