Кендзи Мидзогути () (16 мамыр 1898, Токио – 24 тамыз 1956, Киото) — жапон кинорежиссёрі. 1923-1956 жылдар аралығындағы мансабында жүзге жуық фильм түсірген. Оның ең танымал туындыларына «Соңғы хризантема туралы хикая» (1939), «Охарүның өмірі» (1952), «Угэцу моногатари» (1953) және «Саншо есіркеуші» (1954) жатады. Соңғы үш туындысының барлығы Венеция халықаралық кинофестивалінде марапатталған.

Оның шығармашылығының арқауы — тарихи және заманауи Жапония контексіндегі әйелдердің әлеуметтік қыспаққа алынуы мен құқықтық теңсіздігі мәселесі. Мидзогути Акира Куросава мен Ясудзиро Одзумен бірге жапон кинематографының «алтын ғасырының» басты өкілі болып саналады.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Аккуарелло: "Кендзи Мидзогути". Қатал фильмн мектебі Sansho the Bailiff екі бейне таспасы Кампер Фред: "Қоғамдағы уақиғалар: The Loyal 47 Ronin". Чикаго оқымыстысы, 1997 Чика Киношита: "Көңілдің хореографиясы: Tanaka фильмдерде Kinuyo әрекетті Мидзогути саралауда". 2001 Галлахер Таг: "Мидзогути және еркіндік". 2001 Алекс Жакоби: "Кендзи Мидзогути". Критикалық дерекқор