Барнауыл () — Ресей қаласы (1730 жылы құрылып, қала мәртебесін 1771 жылдан бастап алды), 1937 жылдан бастап Алтай өлкесінің () әкімшілік орталығы. Қала Батыс Сібірдің оң жағында, Барнаулка өзенінің Обь өзеніне құяр тұсында орналасқан. Қала ауданы – 321 км², халқы – 621,7 мың адам (2012)В. Ревякина, Барнауыл. Ғылыми-анықтамалық атлас. 2006, ПО Инжгеодезия, сонымен бірге қала халқының саны бойынша Ресейде 21-ші орында тұр. Қала округтерінің шекарасында бағындырылған елді мекендердегі тұрғынды қосқанда Барнауыл халқы 681,5 мың адамды құрайды. Сібірдің ауқымды өндірістік, мәдени және білім орталығы: 9 мемлекеттік ЖОО, 5 театр, мұражайлар және ХVIII-XX ғасырларға жататын сәулет өнерінің көне ескерткіштері бар.
Тарихы
Қалануы Археологиялық зерттеулер қазіргі Барнауылдағы алғашқы қоныстар тас ғасырында пайда болғандығын көрсетеді. Қала аумағында осы күнге дейін 63 археологиялық ескерткіш сақталған. Олар көбіне көне заманнан орта ғасырға дейін сақталған қалашықтар, қорғандар, тұрақтар және мекендер. Бұл тұрақтардың көпшілігі Обь өзенінің сол жағалауында, Барнауылдың таулы жақтарында, Мохнатушка, Казённая Заимка, Гоньба және Научный Городок сияқты жерлерінде орналасқан ауылдарында кездеседі. . Алтын Орда дәуірінде, орыстардың Сібірге қоныс аударуына дейін, мұнда Абакша деген қамал-қала тұрған. Осы қаладан төлеуіттер көршілес халықтарға шабуыл жасады.
Барнауылдың қала болып қаланған ресми уақыты 1730-жылы деп есептеледі. Мұны кен өндіруші Акинфий Демидовтың Алтай өңіріне завод салу мақсатында 200 шаруаны алып келуімен байланыстырады. Алайда, қаланың құжаттық мақұлданған жылы 1739-жылы болып саналады. Себебі, аталмыш жылы Демидов Барнауылда күміс балқыту зауытының құрылысын бастаған еді. Осы саяхат қаланың дамуына оң әсерін тигізді. Соның әсерінен Баранауылға Орталық Ресей және Уралдан қоныс аударушылар көптеп келе бастады.
Этимология Қала атауының шығу төркініне байланысты түрлі гипотезалар көп. Белгілі жазушы және өлкетанушы ғалым Марк Юдалевич өзінің мақалаларында атаудың шығуына байланысты әртүрлі ғалымдардың зерттеулерін жинаған. Зерттеушілер жұмысының жалпы ойы, гипотезасы «Барнауыл» атауының түркілік немесе моңғолдық шығу тарихы бар, бірақ атаудың тәржімасы бірнеше нұсқалылығымен ерекшеленеді деген пікірге саяды. Көп уақыт бойы «Барнауыл» сөзінің түп төркіні қазақ тілінен аударылған деген нұсқа таратылды. «Жақсы мал жайылым» немесе «Барна ауылы» және «Барн» сөзі Сібір хандығының көшпенділерінің атауының бірі деп есептеледі. Алайда, тарихшылардың пікірі бойынша, бұл сөз —халықтық этимология. Себебі, қазақтарда «Барн» атауы жоқ және олар Жоғарғы Обь жерлерінде көшпеген. Ал, «жақсы мал жайылым» деген сөздің «жайлау» деген балама атауы бар.
Барнауыл атауының этимологиясын ғалымдар «Барнаулка» өзенінің атауымен байланыстырады. Бұл өзен XVIII ғасырдың сызбаларында «Бороноул» немесе «Бороноур» деп аталған. Кей құжаттарда өзен «Баранаул» деп аталған екен. 1745 жылдан бастап қана Шелегиннің картасында аталмыш өзен «Барнауыл өзені» деп аталған.. Томск профессоры Андрей Дульзон қаланың атауы екі түрлі көне түркілік түбірден жасалған деген болжам айтады. Бұл топонимнің алғашқы формасы «Бороноул». Сөздегі «боро» түбірі көптеген моңғол және түркі тілдеріндегі «қасқыр» деген мағынаны, ал «ул» формасы түркі тілдерінде «өзен» деген мағынаны береді. Осылайша, «Барнауыл» атауы «қасқыр өзені» немесе «қасқыр көлі» деген де мағына беруі мүмкін. «Барнауыл» сөзінің этимологиясы жайында айтылған соңғы нұсқаның жаны бар. Себебі, ертеректе Барнаулка өзенінің бойында қасқырлар көп болған және өзеннің құяр сағасында көлдер орналасқан. Сонымен қатар, қасқыр (бөрі) Алтай халқы үшін қасиетті аңдардың бірі болып саналады. Уақыт өте келе, сөз белгілі формацияға ұшырап, «орыстанып», орыс говорларына бейімделіп, қала атауына айналып кетті.
Барнауылдық тарихшы және археолог А. Уманский өзен атауы туралы нұсқаны дамытып, «Бороноул» топонимінің төлеуіттік тарихы бар деген болжам айтады. Ғалымның пікірі бойынша, «Боронаул»/«Бороноул» сөздері тілдік метаморфозға ұшырап, нәтижесінде атау «поронгыул» / «по-ронгы» — «лай су», «ул» — «өзен» деген төлеуіт сөзінен шыққан. Нәтижесінде, Барнаулка өзенінің этимологиясы «лай су» деген мағынаны береді. Шындығында, Барнаулка өзені түрлі органикалық, минералдық заттарға, сонымен қатар, құмға толы.
Геральдика Барнауылдың алғашқы елтаңбасы 1846 жылы бекітілді. Елтаңба қалқаны француздық геральдикалық форманың (тәжі және лентасы жоқ) қалпын береді. Қалқан көлденеңнен 2 бөлікке бөлінген. Жоғарғы бөлігі қалқанның үштен бірін алады. Онда Томск губерниясының негізгі элементі (наместниктік елтаңба) — жасыл фондағы шауып бара жатқан ақ аттың бейнесі орналасқан. Ат — губерния шаруашылығында, таулы өнеркәсіптегі көлік қызметтерін атқаратын негізгі символ және шаруашылық үшін таптырмайтын жануар. Елтаңбаның төменгі бөлігінде ашықкөк фонда тұтанып тұрған қызыл түсті күміс домна пеші орналасқан. Ол өз кезегінде елдегі күміс балқыту өнеркәсібінің символы ретінде көрсетілген. Қазіргі заманғы елтаңба 1995 жылы 16 қарашада қабылданды. Оның түпнұсқасы (түрлі түсті және қара-ақ суреттер) Барнауыл қаласының әкімшілігінде тұр және қызыққан азаматтарға қолжетімді.
Барнауылдың туындағы ашық көк түс қаланың орналасқан жері — Обь өзенінің символы. Тудың ортасында қаланың елтаңбасы орналасқан.
Революцияға дейінгі аралық 1748 жылың 16 ақпанынан бастапБарнауыл тарихы. XVIII ғасыр императордың рұқсатымен таулы аймақтың канцеляриясы Колываньнан (Алтай өңірі) Барнауыл заводына көшірілді. 1766 жылы орыс өнертапқышы Иван Ползунов Барнаулка өзенінің бойында Ресейдегі ең алғашқы бу машинасын ойлап тапты, ал 1771 жылы Барнауылға «таулы қала» мәртебесі берілді (басқа деректер бойынша 1828 жылыХVІІІ ғасырдың екінші жартысы және ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Барнауылдың құқықтық мәртебесі мәселесіне арналған құжат ). Қалаға берілген мәртебеге байланысты (астанадан алшақтығына қарамастан) өте жылдам өсті. 1835 жылдары қалада 9 мың адам тұрды. Қала құрылысы Санкт-Санкт-Петербург архитектурасының ықпалымен дамыды.
1764 жылы техникалық кітапхана, 1776 жылы —Барнауыл «театр үйі», ал 1827 жылы — алғашқы типография ашылды. П. К. Фролов Алтай мемлекеттік өлкетану мұражайының жұмысын ұйымдастырады. Аталмыш мұражай Сібірдегі бірінші мұражай болып саналады.
Қазба байлықтарының азаюы және крепостнойлық құқықтың алынып тасталғандығы —1893 жылы Барнауылдағы күміс балқыту зауытының жабылуына әкеліп соқты. Соның салдарына Барнауыл ірі сауда қаласына айналды. Өнеркәсіптің жаңа түрлері: тері илеу, кірпіш жасау, сыра дайындау, ас тұзын игеру, орман шаруашылығы және т.б. пайда бола бастады.
1917 жылы 2 мамырда Барнауылда үлкен өрт болады. 40-қа жуық кварталдар, қала архитектурасы, әсіресе ағаш үйлердің барлығы да жанып кетеді. Қаланың қайта тұрғызылуына сол кезеңде Ресейде басталған Азаматтық соғыс кедергі болады.
Кеңестік уақыт 1917 жылы 7 желтоқсанда қалада Кеңес үкіметі орнады. Алайда, 1918 жылы 18 маусымда ақ гвардяшылдар бұл үкіметті қолдамай, төңкеріс жасады. 1919 жылы 9-11 желтоқсанда Барнауыл қаласы Ефим Мамотовтың партизандық армиясының күшімен алынды. Ақгвардияшылдар Новоникольскіге (қазіргі Новосібір) жету мақсатында қаланы тастап кетті. Қалада қалу өте қауіпті еді: әр тұстан Қызыл армия өкілдері қаптады, ал қаланың өзінде партиялық ұйымдар төңкеріс ұйымдастырып жатты. Ақгвардияшылдар М.Ворожцовтың басқаруымен Бірінші Чумық Кеңестік партизандар дивизиясының торуылына тап болып, кейін шегінді.
XX ғасырдың 20—40-шы жылдары Барнауылдың дамуы индустрияландыру және ұжымдастыру үрдістерінің дамуымен анықталды. Қалаға кіші ауылдар мен қыстақтардан тұрғындар көшіп келе бастады. Кейіннен Барнауыл қаласы агроөнеркәсіптік аймақ мәртебесіне ие болды. 1932 жылы Батыс Сібірдегі ең ірі Барнауыл мата комбинаты салынды.
1937 жылы Алтай өңірінің қалыптасуына байланысты Барнауылға Алтайдың әкімшілік орталығы мәртебесі берілді. Ұлы Отан соғысы жылдарында қалаға Мәскеуден, Ленинградтан, Одессадан, Харьков және басқа да қалалардан неміс әскерлерімен оккупацияланған (басып алынған) жүзге жуық өндірістік өнеркісіп орындар көшірілді. Олар қаланың негізгі өнеркәсібіне айналды. Кей деректерге қарағанда, Қызыл армия соғыста пайдаланған оқ-дәрілердің тең жартысына жуығы Барнауылдағы станок жасап шығаратын зауытта шығарылған.
Соғыстан кейінгі жылдар қаладағы өнеркәсіптік «бум» және қала құрылысының дамуымен ерекшеленді. Бұл кезеңде Барнауылдың территориясы 2 есеге өсті. Қаланың қайта тұрғызылуына, дамуына, яғни жаңа үйлер құрылысы үшін солтүстік және солтүстік-батыс бөліктері таңдап алынды.
1980 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен қала Қазан революциясы орденімен марапатталды Барнауылдың туында — Қазан Революциясының ордені // Алтайская правда, 5 наурыз, 1983 ж.
Барнауыл қазіргі заманда КСРО үкіметі құлаған соң және елдегі саяси-экономикалық жағдайлардың ушығуына байланысты қаладағы ірі өнеркәсіптік өндіріс орындары банкротқа ұшырап, дәрменсіз күйге түсті. Нәтижесінде Барнауыл өндірістік орталықтан экономиканың басқа салаларына: сауда, қызмет көрсету, құрылыс және азық-түлік өнеркәсібіне көше бастады. Оған қоса, қалада тұрғын үй қорының көнергендігі, жол инфрақұрылымының ескіруі мәселелері бар еді.
Физикалық-географиялық сипаттама Географиялық орналасуы Қала Батыс Сібір жазығының орманды алқабында, Приобье шоқысының солтүстік-шығысында, Обь өзенінің жоғарғы ағысының оң жағалауына құятын Барнаулка өзенінің қасында орналасқан. Солтүстік және батыс бөлігінен Барнауыл Обь өзенінің аңғарларын айналып өтеді, ал оңтүстік-батыстан орманды қоршайды. Мәскеуге дейінгі арақашықтық — 3419 км. Барануылға жақын орналасқан ірі қала — Новосібір қаласы (239 км).
Географиялық координаттар: . Барнауыл Гамбург, Дублин, Ливерпуль, Минск, Петропавловск-Камчатский, Самара және Эдмонтон қалалары сияқты ендікте орналасқан.
Жер бедері Барнауыл территориясының рельефін қала орналасқан Приобь шоқысы, Обь және Барнаулка өзендерінің аңғарлары анықтайды. Биіктіктердің абсолютті белгісі — Барнаулка өзенінің сағасынан 132—135 метрден қаланың солтүстік бөлігіне дейін 230—250 м; су көлемінің жалпы еңістігі — солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа Барнаулка алабына дейін. Барнауылдың оңтүстігінде "Таулы" деп аталатын бөлігі бар. Бұл бөлік—Обь және Барнаулка өзендерін бөліп тұрады. Рельеф эррозияланған кішігірім құрылымдық формалармен: Пивоварка өзені алабы (12 км), жыра, сайлардың көптігімен күрделенеді. Обь алабының бөктері тіп-тік құламалы болып келеді (25—60 градус), кей жерлерде биіктігі 50—110 м жарлар да кездеседі.
Барнаулка өзеннің терассасы рельефтің аккумуляциялық түрлеріне ұқсайды. Алқаптың өзі кең емес (50—200 м, солтүстік-батыс бағытта биіктігі теңіз деңгейінен 137-ден 185 метрге дейін үш өзен алқабы жайылып жатыр. + center|220px Қаланың орталығы. Таулы саябақтан алынған көрініс Ғылыми қалашықтың қасындағы Обь өзенінің алқабы
+ center|220px Барнауылдағы күз Барнауыл порты. 2001 жыл
Барнаулка өзені Барнаулка – кіші өзендерге жатады. Өзен Батыс Сібірдің оңтүстігінде орналасқан және 167 км ұзындықта созылып жатыр. Өзен бассейнінің ауданы 5720 шаршы км. Бассейн контуры Барнауыл территориясы мен Алтай өңірінің 8 әкімшілік ауданына шақ келеді. Өзеннің қазіргі алқабы көне жылға ағымдарының сағасында орналасқан. Ал, алқаптың жоғарғы жағында ағынды көлдердің онға жуығы орналасқан шығыңқы шұңқырлар бар.
Климаты Барнауылдың континенталдық климаты Батыс Сібірдің оң жағында өзгеше географиялық орналасуымен анықталады. Алтай тауларынан, Солтүстік Мұзды мұхиттан және Орталық Азияның жартылай шөлді аймақтарынан келетін ауа массаларының өзара араласуынан қаладағы табиғи жағдайды күрделендіреді. Барнауыл қысының қаттылығы шамалы, қар аз жауады және жазы жылы.