Қазақстан халқының бірлігі күні — Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке.
Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды.
Қазақстанның саяси қайраткерлерінің пікірі бойынша, ұлтаралық және дінаралық келісімнің сақталуы, олар жүргізіп жатқан саясатының басты қағидаларының бірі болып табылады.
Қазақстанда 130-дан астам ұлттың өкілі тұрады. Басым бөлігі Қазақстанға ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы жаппай депортациялау және эвакуациялау кезінде көшіп келген. Тәуелсіздік алғаннан кейін де әртүрлі ұлт өкілдері қазақ жеріне қоныстанды.
Бірлік күні мемлекеттік мереке болып табылады, сондықтан көптеген мектептер мен кәсіпорындар сол күні жабық. Мереке мемлекеттік саясаттың басымдығы болып саналатын ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтаудың маңыздылығын атап өтеді.
Әдетте, бұл балалардың дәстүрлі киімдерін киіп, сыныптастарымен таныстыру және бөлісу үшін мектепке өз этникалық тағамдарын әкелу, ана тілінде өнер көрсету немесе дәстүрлі билер дайындау арқылы тойланады.
Тағы қараңыз Қазақстан мерекелері
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.
Санат:Қазақстан мейрамдары Санат:1 мамыр мейрамдары