Сүрлемдеу - сүрлем салу технологиясы. Шабылып, ұсақталып, тапталып, ор не траншеяға салынып, мұқият қымталып жабылған көкте басында көптеген микроорганизмдер дами бастайды да, оттегі таусылғаннан кейін анаэробтық сүтқышқылды бактериялар өрістейді. Олардың сүрлемдеуге салынған азық қантын сүт қышқылына айналдыруының нәтижесінде, азық ортасы қышқылданып, қышқылдық көрсеткіші рН=4-4,2 жеткенде барлық дерлік бактериялар тіршілігі тежеліп, азық сүрлемделіп, ұзақ мерзім бұзылмай сақталады.Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы. Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. ISBN 978-601-7254-21-6

Дереккөздер

Санат:Мал шаруашылығы