QS World University Rankings — бұл Quacquarelli Symonds атты жоғары білім беру саласындағы талдау фирмасы құрастырған салыстырмалы университет рейтингтерінің портфолиосы.

Оның ең алғашқы нұсқасы 2004 жылы «Times Higher Education» (THE) журналымен бірлесіп, «Times Higher Education»–QS World University Rankings ретінде жарық көрді. Бұл рейтингтің мақсаты — университеттердің көрсеткіштері туралы тәуелсіз салыстырмалы деректерді ұсыну болатын.

2009 жылы бұл екі ұйым QS World University Rankings және THE World University Rankings атты өз алдына жеке рейтингтерді шығару үшін екіге бөлінді.

Тарихы QS компаниясын 1990 жылы Нунцио Куаккарелли шетелде оқығысы келетін студенттерге ақпарат пен кеңес беру мақсатында құрды. Кейін компания жоғары білімге қатысты өнімдер мен қызметтердің кең ауқымын қамтып, 2004 жылы THE басылымымен серіктесіп, THE–QS Әлемдік университеттер рейтингісін шығарды.

Университеттердің халықаралық рейтингін жасау қажеттілігі 2003 жылдың желтоқсанында Ұлыбританиядағы университеттер мен индустрия арасындағы ынтымақтастықты талдаған Ричард Ламберттің есебінде атап өтілді.Lambert Review of Business-University Collaboration (since archived) Бұл есепті Ұлыбританияның қаржы министрлігі – HM Treasury тапсырысымен дайындаған. Есепте ұсынылған бастамалардың бірі әлемдік университеттер рейтингін жасау болды. Ламберттің пікірінше, мұндай рейтинг Ұлыбританияға университеттерінің жаһандық деңгейдегі орнын бағалауға көмектесетін еді.

2004–2009 жылдары QS рейтингті THE серіктестігімен бірге шығарды. 2009 жылы THE QS-тен бөлініп, Thomson Reuters серіктестігімен өзінің жеке рейтингі – Times Higher Education World University Rankings жобасын бастады. THE мұндай шешімді бастапқы әдістемедегі әлсіздіктермен, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдарына гуманитарлық ғылымдарға қарағанда артықшылық берілгендігімен түсіндірді.

THE Thomson Reuters-пен бірге жаңа әдістеме жасап, 2010 жылдың қыркүйегінде алғашқы Times Higher Education World University Rankings жариялады.

QS өз рейтинг нәтижелерін әлемдік БАҚ-та жариялап, серіктестік орнатты. Мысалы, Ұлыбританияда The Guardian газетімен, ал Оңтүстік Кореяда Chosun Ilbo басылымымен жұмыс істейді. QS-тің THE-ден бөлек алғаш дербес дайындаған рейтингі 2010 жылдың қыркүйегінде жарияланды; екінші нұсқасы 2011 жылдың қыркүйегінде шықты. QS өз рейтинг әдістемесін университеттің негізгі миссиясын қамтитын төрт аспект бойынша жасады: оқыту, ғылыми зерттеу, жұмысқа орналасуға ықпал ету және интернационализация.

QS бүгінде Еуропа, Азия және Америка құрлығында кеңселері бар жаһандық компанияға айналды. Ол студенттерді қабылдау, іс-шаралар ұйымдастыру және консалтинг қызметтерін ұсынады.

2022 жылы компанияның негізін қалаушы Нунцио Куаккарелли президент болып тағайындалды, ал Джессика Тернер фирманың операциялары мен стратегиясына жауапты атқарушы директор қызметін атқарып отыр.

Топ 20 QS Әлем Университеттер Ранкісі + QS Әлемдік университеттер рейтингі: Үздік 25 Университет 2026 2025 2024 2023 2022 2021 2020 2019 2018Массачусетс технологиялық институты 1 1 1 1 1 1 1 1 1Лондон Империал колледжі 2 2 6 6 7 8 9 8 8Стэнфорд университеті 3 6 5 3 3 2 2 2 2Оксфорд университеті 4 3 3 4 2 5 4 5 6 Гарвард университеті 5 4 4 5 5 3 3 3 3Кембридж университеті 6 5 2 2 3 7 7 6 5Цюрих федералдық технологиялық институты 7 7 7 9 8 6 6 7 10Сингапур ұлттық университеті 8 8 8 11 11 11 11 11 15Лондон университеттік колледжі 9 9 9 8 8 10 8 10 7Калифорния технологиялық институты 10 10 15 6 6 4 5 4 4 + 2025 жылғы QS үздік 25 университет Орын Университет атауы Ел / Қала 1 Массачусетс технологиялық институты Кембридж, Массачусетс 2 Лондон Империал колледжі Лондон 3 Оксфорд университеті Оксфорд 4 Гарвард университеті Кембридж, Массачусетс 5 Кембридж университеті Кембридж 6 Стэнфорд университеті Калифорния 7 Цюрих федералдық технологиялық институты Цюрих 8 Сингапур ұлттық университеті Сингапур 9 Лондон университеттік колледжі Лондон 10 Калифорния технологиялық институты Пасадена, Калифорния 11 Пенсильвания университеті Филадельфия 12 Калифорния университеті (Беркли) Беркли, Калифорния 13 Мельбурн университеті Мельбурн 14 Пекин университеті Пекин 15 Наньян технологиялық университеті Сингапур 16 Корнелл университеті Итака, Нью-Йорк 17 Гонконг университеті Гонконг 18 Сидней университеті Сидней 19 Жаңа Оңтүстік Уэльс университеті Сидней 20 Цинхуа университеті Пекин 21 Чикаго университеті Чикаго 22 Принстон университеті Принстон, Нью-Джерси 23 Йель университеті Нью-Хейвен, Коннектикут 24 Париж ғылым және әдебиет университеті Париж 25 Торонто университеті Торонто

Сын және ескертулер Рейтинг субъективті көрсеткіштер мен беделге қатысты сауалнамаларға тым тәуелді болғаны үшін сынға алынады. Бұл көрсеткіштер уақыт өте келе өзгеріп, кері байланыс циклін қалыптастырады. Сонымен қатар, QS рейтингін құрастыру үшін пайдаланылатын деректердің ғаламдық бірізділігі мен тұтастығына қатысты да алаңдаушылықтар бар. Рейтингтерді әзірлеу мен шығаруды QS компаниясының аға вице-президенті Бен Соутер бақылайды.

Дереккөздер

Сыртқы сілттемелер Quacquarelli Symonds official website Full rankings 2011/12 QS Intelligence Unit Blog — blog on rankings and higher education from the team that compiles the QS World University Rankings

Санат:Университет ранкингі Санат:Жоғарғы оқу орындары Санат:Университеттер