Ақтам — Жамбыл облысы Сарысу ауданы, Жайылма ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы — Жаңатас қаласынан солтүстікке қарай 35 шақырым жерде, округ орталығы Жайылма ауылынан 8 шақырым жерде орналасқан. Мал шаруашылығы үшін жайлы мекен болып есептеледі. Мемлекеттік мекемелер орналаспаған. Ауыл іргесінен Шабақты өзені өтеді. Үй іргесінен шабындық, мал жайылымдық жерлер басталады. Жақын маңда бірнеше көлдер бар. Балық шаруашылығы әжептеуір дамыған. Елді мекенге ауа райын бақылау нүктесі орнатылған. Ауылға қарай асфальт жолдары салынбаған. Электр жүйесі мен телефон байланысы орнатылған. Көшпелі аурухана мен көшпелі кітапхана қызмет етеді.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен9379 82 103,8 40 50 125 39 32 82,1

Дереккөздер

Санат:Сарысу ауданы елді мекендері