Рая Айтбайқызы Жаңабаева (1947 қарашаның 12-інде туған, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент) - педагогика ғылымдарының докторы (2007). Қысқаша өмірбаяны

1973 - ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ); 1987 - аспирантурасын бітірген. 1973 - осы университетте аға лаборант қызметін атқарды. 1987 жылдан - оқытушы қызметінде. Ғылыми бағыты – қазақ этнопедагогика патриоттық ерлік тәрбиесі проблемасы.

«Қазақ халық педагогикасындағы патриоттық-ерлік тәрбиесінің ғылыми негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 30-дан астам ғылыми еңбегі және оқу құралдары жарық көрген.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жамбыл облысында туғандар Санат:1947 жылы туғандар Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Қазақстан ғалымдары