Жақсы Жармола – Арал алабында, Алтыбай құдығының батысында 14 км жердегі көл.
Географиялық орны Қызылорда облысы Қазалы ауданы жерінде орналасқан. Теңіз деңгейінен 53 м биіктікте.
Гидрографикасы, сипаты Аумағы 4,6 км2, ұзындығы 6 км, енді жері 0,8 км. Қар суымен, жауын-шашын, ішінара жер асты суларымен толысады. Суы желтоқсанның аяғында қатып, наурыз айында ериді. Суы ащы, сілтілігі жоғары, шаруашылыққа пайдаланылмайды. Жағалауындағы сортаңды жерде қамыс, қоға өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қазалы ауданы көлдері