Жалаңбас – Қу және Арқалық тауларының аралығындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Абсолюттік биіктігі 784 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатқан тау өзен аңғарлары, сай-жыралармен бөлінген бірнеше қырқалардан тұрады. Оңтүстігінен Жарқайың өзені бастау алады. Оңтүстік-шығысында Қарасор көлі жатыр. Кембрий жүйесінің тау жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Өзен аңғарларының сортаңды қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұталар, сондай-ақ сұлыбас, боз, селеу және түрлі шөптесін өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары