Жаман Қазығұрт – Мөкішқарасу және Қазығұрт өзендерінің аралығындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Қарақасқа ауылынан шығысқа қарай 27 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 536 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Маңында өзімен аттас қыстау, бірнеше ұсақ шоқылар бар. Батысында Ырғай, солтүстігінде Жамантөбе, шығысында Амантау, оңтүстігінде Қазығұрт тауларымен шектеседі.

Геологиялық құрылымы Тас көмір жыныстарынан және девон гранитоидтарынан түзілген.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр, боз топырақ жамылғысында тал мен дала өсімдіктері өседі.‎АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы таулары