Жамбайсор – Көкшетау қыратының шығысындағы тұйық көл.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы жерінде орналасқан. Қарасу өзенінің оң жағында, теңіз деңгейінен 225 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 10,7 км2, ұзындығы 6,8 км, енді жері 2,8 км. Жауын-шашын және Қарасу өзенінің жайылма суымен толысады. Жағасы жайпақ, оңтүстік және шығыс жағы биік кемерлі келген. Қараша – сәуір аралығында мұзы қатады. Суы тұзды, мамыр айына дейін мал ішуге жарамды. Алабы – жайылым.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Уәлиханов ауданы көлдері