Жұмағұл – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының оңтүстік-батысына қарай 10 км жерде орналасқан тау. Абсолюттік биіктігі 927 м. Ұзындығы мен ені 1,5 – 2 км.
Геологиялық құрылымы Тас көмір гранитоидтарынан түзілген.
Жер бедері Беткейлері тік құламалы, кей жерлерде түпкі жыныстарының жер бетіне шығуы байқалады.
Өсімдігі Таудың күңгірт қоңыр топырағында қараған, қарағай мен көк терек өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары