Жыланды – Ақмола облысы Жақсы ауданының оңтүстік-батысындағы тау. Есіл өзенінің оң аңғарынан 8 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 358 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созыла орналасқан. Ұзындығы 8 км-ге жуық, енді жері 3 км-дей. Салыстырмалы биіктігі 33 м. Беткейлері тіктеу келген сай-жыралармен тілімденген. Шығысында тас қиыршықтары кездеседі. Оңтүстігі мен шығысында шағын тоғандар салынған. Таудың оңтүстік-шығысын бойлай автомобиль жолы өтеді.
Өсімдігі Өсімдік жамылғысы негізінен бетеге, көкпек, баялыш, ши, селеуден тұрады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жақсы ауданы таулары