Жыланшықеспе – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 58 км, су жиналатын алабы 743 км².

Бастауы Қызылтас тауының оңтүстігіндегі бұлақтардан басталып, Шөладыр тауының оңтүстігінде 20 км-дей жерде тартылып қалады.

Гидрологиясы Жыланшықеспеде көктемде қар ерігенде 10 – 15 күндей ғана су ағады. Суы мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері Санат:Балқаш су алабы