Зеренді таулары – Көкшетау қыратының орталық бөлігіндегі орманды-таулы алқап.

Географиялық орны Ақмола облысы Зеренді ауданында орналасқан. Батыстан шығысқа, солтүстік-шығысқа қарай 28 км-ге созылған, енді жері 18 – 20 км. Батысында Жыланды тауына ұласады. Абсолюттік биіктігі 587 м.

Геологиялық құрылымы Жер қыртысы палеозойға дейінгі гнейс, мәрмәр және кристалды тақтатастан, сондай-ақ девон және тас көмір кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген.

Өсімдігі Зеренді тауларын шоқ қарағайлы-қайыңды ормандар көмкеріп жатыр. Тау төңірегінде тұщы көлдер бар.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Зеренді ауданы таулары