Итжон – Сексеуілдідала даласының солтүстігіндегі төбе.

Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылының оңтүстігінде 41 км жерде. Жамбыл тауының аңғарында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 336 м. Маңында Қояндыөзекқұдық, Жыңғылдыбұлақ, Шиелібастау бұлақтары, Серікбай құдығы бар. Шөгінді малтатастардан, құм мен саздақтан түзілген.

Өсімдігі Белесті құмды жалдар мен ойыстардың аралығында шөлді табиғатқа бейімделген сексеуіл, күйреуік, баялыш, сарсазан, теріскен, жүзгін, жыңғылбас, т.б. өседі.Қазақстан энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Мойынқұм ауданы таулары Санат:Төбелер