Кент мүйізтас кен орны - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орналасқан әшекей тас кен орны. 1966 жылы ашылып, 1978 жылы барланған. 1967 жылдан «Қазкварцасылтас» ӨБ кен өндіреді.
Геологиялық құрылымы, сипаты Кент мүйізтас кен орны гранит массивінің батысында кездесетін төменгі тас көмірдің мүйізденген алевролиттеріне ұштасып жатыр. Қара мүйізтастармен бөлінген өнім беретін қатпары әшекей тастардың жасыл түрлері ұшырасатын 2 қыртысты қабаттан тұрады. Кен қазуға кен техникалық және гидрогеологиялық жағдайы қолайлы. Тас кесегінің түсімі 0,32 т/м3. Кен орны игерілуде. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы кен орындары Санат:Қарқаралы ауданы географиясы Санат:Қазақстан тас кен орындары Санат:1966 жылы пайда болғандар