Кеттібай, Кеттібайборлы, Кеттібайбөрілі – Жетісу Алатауының солтүстік сілеміндегі тау массиві. Ешкіөлмес тауының солтүстігінде.

Географиялық орны Жетісу облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 55 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1066 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 23 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 км. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс беткейлері көлбеу келген. Батысынан Лепсі, шығысынан Шынжылы өзендері ағып өтеді.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында қайың, терек, долана, жеміс ағаштары, етегінде шалғынды астық тұқымдас шөптесіндер өседі.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Жетісу Алатауы Санат:Сарқан ауданы таулары