‎‎‎ Комсомол бөгені — Үлкен Құндызды өзені бойында, Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы Комсомольское ауылынан солтүстікке қарай 1 км жерде салынған. 1959 жылы пайдалануға берілді.

Гидрологиялық сипаты Аумағы 0,4 км². Ұзындығы 900 м, ені 550 м-ге дейін, тереңдігі 10 м-ге жетеді. Топырақ бөгетінің ұзындығы 323 м, ең биік жері 12 м. Бөгеннің көлемі 1,1 млн. м3, жалпы су ағымы 38 м³/с. Қараша айында суы қатып, сәуір айында ериді. Комсомольское ауылының жерін суландыруға пайдаланады. Суында шортан, алабұға, шабақ, тағы басқа кездеседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қарағанды облысы гидрографиясы Санат:Су қоймалары