Көкен () — өзімен аттас тұқымдасқа жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Негізінен Жерорта теңізі жағалауларында тараған 20-ға жуық түрі бар. Қазақстанда тасты, тастақты, құмды, балшықты жерлерде, сортаңды шалғындықтарда, егістіктерде өсетін 1 түрі – кәдімгі көкен (T. passerina) бар.
Биіктігі 12 – 110 см, сабағы жіңішке, жапырақтары ұзын, үшкір (5 – 15 см). Гүлдері ұсақ (1,5 – 3 мм), жеке немесе екеуден жапырақ қолтығына орналасқан. Гүл сағағы өте қысқа, шоғырлана орналасқан ақ түктері бар. Гүлсерігі құмыра тәрізді, жасыл сары, сырты қалың түкті. Аталығы 4 – 6, кейде 2 – 8. Маусым – қыркүйекте гүлдейді. Жемісі – алмұрт пішінді жаңғақша.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Қызыл кітап
Санат:Көкендер