Көктал – Қаратал өзені алабындағы өзен.
Географиялық орны Жетісу облысы Ескелді ауданы мен Талдықорған қалалық әкімдігі аумағына қарасты өзен.
Бастауы Мыңшұңқыр (Жетісу Алатауы) жотасының солтүстік-батыс беткейінен бастау алатын Балықты және Теректі өзендерінің қосылуынан түзіліп, Алмалы өзеніне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 67 км, су жиналатын алабы 1030 км2. Жоғарғы ағысында тар шатқалмен ағып, төменгі ағысында алабы мен аңғары ұлғаяды. Көктемде еріген қар суымен арнасынан тасиды. Егін және мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қаратал су алабы Санат:Ескелді ауданы өзендері Санат:Талдықорған қалалық әкімдігі өзендері