Көктау – Жалпы Сырт қыратының солтүстік-батысындағы қырқалы тау массиві.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Амангелді ауылының солтүстік-батысында 33 км жерде, Ресеймен шекаралас орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 227 м. Беткейі көлбеу, пішіні доға тәрізді келген. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, енді жері 8 км. Беткейі сай-жыралармен тілімденген. Жер бедеріне күмбез пішінді денудациялық тау жұрнақтары тән.
Геологиялық құрылымы Жер қыртысы мезо-кайнозой кезеңінің бор-мергельді жыныстарынан түзілген. Кейбір жерін палеогеннің құмды-саздақты шөгінділері жапқан.
Өсімдігі Аласа таудың қоңыр топырақ жамылғысында боз, селеу, бетеге аралас дала өсімдіктері өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Батыс Қазақстан облысы
Санат:Тасқала ауданы таулары Санат:Ресей таулары