Көкшетау – Ақкөл көлінің солтүстік-батысындағы төбе. Шу өзенінің аңғарында.

Географиялық орны Жамбыл облысы Сарысу және Түркістан облысы Созақ аудандарының шекарасында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 325 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 6,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км.

Жер бедері Беткейлері көлбеуленіп тақырға ұласады. Солтүстігінде Соқыртөбе төбесі, шығысында Баймұрын құдығы, оңтүстігінде Саржан тұмасы, батысында Қырыққұдық, Сәулебай құдықтары орналасқан.

Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, тасбұйырғын, баялыш, тағы басқа өседі.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Созақ ауданы төбелері Санат:Сарысу ауданы төбелері