Көлбұлақсай – Іле алабындағы өзен.
Географиялық орны Алматы облысы Жамбыл ауданы жерімен ағады.
Бастауы Ақадыр шоқысының солтүстігіндегі бұлақтардан бастау алады. Жоғарғы ағысында аңғары тар жонды қырқалармен ағып, төменгі ағысында Бозой үстіртіндегі Айдарлы аулы тұсында Тасқатын каналына жетпей құмға сіңіп кетеді.
Гидрологиясы Ұзындығы 41 км. Көктемгі еріген қар және жауын-шашын суларымен толығады. Жазда суы тартылып, қарасуларға бөлініп қалады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері Санат:Іле су алабы