Көлқарашоқы – Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі тау (төбе).
Географиялық орны Қызылорда облысы Арал ауданы Құланды ауылының солтүстік-шығысында 35 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 239 м. Батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Беткейі көлбеу, пішіні үшбұрыш тәрізді келген. Солтүстігінде Ақбауыр төбесі, шығысында Тасқұдық құдығы, оңтүстігінде Жарлыпес бұлағы, батысында Қаратөбелі құдығы орналасқан.
Геологиялық құрылымы Жер бедері төрттік кезеңінің жаңа шөгінділерінен құралған.
Өсімдігі Құмды, сортаңды қоңыр топырағында бұйырғын, тасбұйырғын, қара жусан, т.б. өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Арал ауданы таулары Санат:Төбелер