Күйметас – Арқат тауларының шығысында орналасқан тау.

Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы жерінде.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 914 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 6 км-ге созылған, енді жері 4 км. Оңтүстік және шығыс беткейлері тік жартасты, солтүстік бөлігі көлбеуленіп далаға ұласады. Шығысы мен солтүстігінде Үлкен көлі, шағын өзен және бірнеше қыстаулар (Қопа, Қаратөбе, т.б.) орналасқан.

Геологиялық құрылымы Жер қыртысы палеозой жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Күйметастан шығысқа қарай 4 – 5 км жерде бұта, тал, теректерден тұратын шағын орман алқабы бар. Тау баурайы мал жайылымына және шабындыққа пайдаланылады.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Абай облысы) таулары