Әлия Қайратқызы Ғалымова (18 шілде, 1970 жыл, Павлодар қаласы) - Қазақстанның мемлекеттік қайраткері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігінің ресми сайты, Жауапты хатшы
Білімі Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген (1992), әлеуметтік-саяси пәндердің оқытушысы.
Тарих ғылымының кандидаты (2006). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Солтүстік Қазақстанның қазіргі ауылдарындағы қазақ отбасылары»(этносоциологиялық зерттеу).
Биографиясы 1987 жылдан бастап – С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің студенті. 1992 жылы – қазақ-герман техникалық бизнес колледжінің оқытушысы (Павлодар қ).
1995 жылдан бастап – оқытушы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, 2000 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы.
2003 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің бас сарапшысы.
2004 жылғы қыркүйектен бастап ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат басқармасы әлеуметтік саяси бөлімінің сектор меңгерушісі, 2005 жылы – сектор меңгерушісі, 2006 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігі Саяси әлеуметтік бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2008 жылы – ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2010 жылы – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
2012 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы.
Дереккөздер