Кіші Шабақты – Ақмола облысының Бурабай ауданындағы ағынсыз тұзды көл. Бурабай ауылының жанында.

Гидрографикасы Ауданы 21,4 км2, ұзындығы 13,6 км, енді жері 2,7 км, жағалау бойының ұзындығы 29,2 км, терең жері 6,6 м. Көлдің тасты, саздақты келген солтүстік және батыс жағалауы түйетайлы, оңтүстік-шығысы ұсақ шоқылы төбеге тіреледі. Суы тұзды (2,7 г/л). Мал суаруға пайдаланылады.

Санат:Бурабай ауданы көлдері