Қазақстанда таеквондо, 1991 жылдан бастап өркендей бастады. Осы жылы аты әлемге әйгілі т-дошы Мұстафа Өзтүрік Алматыға келген болатын. Ол келген бойда респ-лық т-до бірлестігін ашуға бел шешіп кірісті. М. Өзтүріктің беделінің арқасында респ-лық бірлестік бірден WTF-тың (бүкіл әлемдік Т-до бірлестігі) құрамына қабылданды. Қазақстанның ондаған қалаларында т-до секциялары жұмыс істеп жаңа спорт түрімен жастар құлшына айналысты. Респ-ның т-дошылары 1993-Нью-Йорктегі, 1995-Манихадағы, 1997-Гонконгтағы, 1998-Бангкоктағы, 1999- Канададағы Ә. Ч-ттарына қатысты. 1994 ж. Хиросимадағы (Жап.) Азия ойындарында респ. құрамасының командасының 2-ші орынға ие болуы жұртшылықты қатты таңғалдырды. А. Үсенов, С. Палмағамбетов, Р. Нұрахметов, Б. Жүргенбаев, С. Шоқбытов, Б. Ағаділов, К. Есжанов жарыстардан медальдармен оралды. Азия ойындарында да табыстарымыз аз болған жоқ.

Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3

Дереккөздер

Санат:Спорт