Қалмақеміл – Солтүстік Балқаш маңындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды (Ақтоғай ауданы) және Абай (Аягөз ауданы) облыстарының шекарасында орналасқан. Абсолюттiк биіктігі 870 м. Батыстан шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 -6 км.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Беткейі тіктеу, солтүстік бөлігі көлбеуленіп жазыққа ұласады. Оңтүстік-батыс беткейлерінде түпкі тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Тас көмір жүйесінің жыныстарынан түзілген. Тау бойындағы бұлақтардан Ащыөзек өзенінің салалары бастау алады.
Өсімдігі Сортанды сұр қоңыр топырақ жамылғысында жусан, баялыш, бұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі. Жайылымдық және шабындық жерлер бар.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары Санат:Аягөз ауданы таулары