Қараағаш қорықшасы – Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан кешенді қорықша. 1986 жылы ұйымдастырылған. Аумағы 68 км².
Флорасы Алқапта қайың, көктерек, тал, долана, мойыл, шілік және қарағаш ағаштары өседі. Қараағаш қорықшасының жер бедері – аласа таулы алқап. Жалды-қырқалы жазықтар да кездеседі. Тау жоталарының арасындағы аласа жерлерде астық тұқымдас шөптесін өсімдіктерден бетеге, бидайық, селеу, еркек қоңырбас, жусан, құмсағыз, ши, ойдым-ойдым жерлерде жеміс-жидекті бұталар кездеседі. Топырағы қызғылт, қызғылт қоңыр, құм араласқан. Жануарлардан жабайы шошқа, елік, ақ бөкен, ал құстардан құр, ақ шіл, т.б. кездеседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қазақстан қаумалдары Санат:Ұлытау облысы географиясы