thumb|right|200px| Михаил Васильевич Фрунзе — (2.2.1885, Бішкек қаласы, қазіргі Қырғыз Республикасы — 31.10. 1925, Мәскеу қаласы) — революционер, саяси және әскери қайраткер, соғыс теоретигі.

Ол әскери фельдшер отбасында дүниеге келген. Фрунзе 1904 ж. Верный қаласындағы (қазіргі Алматы) ер балалар гимназиясын алтын медальмен бітіріп, Петербургтің политехникалық институтына оқуға түсті.

Көп кешіікпей РСДЖП қатарына кіріп, астыртын партиялық қызмет атқарды. 1905 жылы Иваново-Вознесенск ереуілін басқарды. 1906 жылы сәуірде РСДЖП 4-ші (Бірігу) съезіне делегат болды, сонда В.И. Ленинмен кездесті. Иваново-Вознесенск, Шуя ауданында ұйымдастыру және насихат жұмысын жүргізді.

Революциялық қызметі үшін М.В. Фрунзе бірнеше рет тұтқынға алынып, екі рет өлім жазасына кесілді, кейіннен ол он жыл каторгамен алмастырылады. Каторгадан 1915 жылы қашып шығады. 1916 жылдан бастап Батыс майданда революциялық жұмыс жүргізді, Минскіде 3-ші және 10-ші армиялардағы астыртын большевиктік ұйымды басқарды.

Ақпан революциясынан кейін Минск халық милициясының бастығы. Батыс майдандағы солдат комитетінің, Минск Советі аткомының мүшесі. 1918 жылы Иваново-Вознесенск губерниялық аткомының және губерниялық партия комитетінің председателі, губерниялық әскери комиссары. Июльде Москвада болған Советтердің Бүкіл россиялық. 5-съезінің жұмысына және оңшыл эсерлердің контрреволюциялық бүліншілігін басуға қатысты.

1918 жылы тамыздан Ярославль соғыс округының әскери комиссары, 1918 жылы 26 желтоқсаннан 4-армияның қолбасшысы болды. М.В. Фрунзе 1919 жылы В.И. Лениннің ұсынысымен Шығыс майданның оңтүстік тобының, ал 13 шілдеде Шығыс майданның қолбасшысы болып тағайындалды. Оның басшылығымен оңтүстік топ әскерлері Колчактың басты күштеріне қирата соққы берді.

М.В. Фрунзе 1919 жылы 15 тамыздан Түркістан майданына қолбасшылық етіп, Оңтүстік Оралды алып, Түркістанға жол ашты. Кешікпей анненковшылар мен дутовшылардың қалдығы Жетісудан түгелдей қуылып, тазартылды.

1920 жылы 21 қыркүйекте ол Оңтүстік майданның қолбасшысы болып тағайындалды. 16 қарашада Врангель толық талқандалды.

1920—1924 жылы М. В. Фрунзе Украина және Кырымдағы әскерлердің қолбасшысы, УКСР Халкомсовы председателінің орынбасары, УК(б)П ОК Саяси Бюросының мүшесі.

1924 жылы наурыздан КСРО Революциялық-Әскери Кеңесі төрағасы орынбасары және Соғыс-Теңіз істері халкомының орынбасары, ал апрельден Жұмысшы-Шаруа Қызыл Армиясының штаб бастығы, кейіннен Әскери Академияның бастығы болды.

1925 жылы 26 қаңтардан КСРО Революциялық-Әскери Кеңесі төрағасы, ал ақпаннан Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің мүшесі.

М.В. Фрунзе барлық сайланған БОАК мүшесі, 1921—1925 жылдары РК(б)П ОК мүшесі, 1924 жылдан ОК Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат болды. 2 рет Кызыл Ту орденімен, Құрметті революциялық қарумен наградталды.

Қызыл алаңда жерленген.

Қырғыз КСР-інің астанасына, Әскери академияға, Совет Армиясының Орталық Үйіне тағы басқаларға Фрунзе есімі берілген."Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

Дереккөздер

Санат:2 ақпанда туғандар Санат:1885 жылы туғандар Санат:Бішкекте туғандар Санат:31 қазанда қайтыс болғандар Санат:1925 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Кремль қабырғасындағы некропольге жерленгендер Санат:Санкт-Петербург политехникалық университеті түлектері Санат:Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы басшылары Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:Марксистер Санат:Ресей революционерлері Санат:Ресейдегі Азаматтық соғысқа қатысушылар Санат:Құрметті революциялық қарулардың иегерлері Санат:КСРО қолбасылары Санат:КСРО әскери және теңіз істері жөніндегі халық комиссарлары Санат:Әр жылдардағы Түркістан әскери округі қолбасшылары Санат:Бүкілресейлік құрылтай жиналысы мүшелері Санат:РСДЖП IV съезі делегаттары Санат:РКП(б) X съезі делегаттары Санат:РКП(б) XI съезі делегаттары Санат:РКП(б) XII съезі делегаттары Санат:Бүкілодақтық Кеңестердің I съезі делегаттары Санат:Кеңес әскері Бас штабы басшылары Санат:РСДЖП мүшелері Санат:Большевиктер Санат:Солшыл коммунистер Санат:КОКП ОК Саяси бюросы мүшелігіне кандидаттар Санат:Ресей редакторлары Санат:КСРО филателистері Санат:Ресей империясы филателистері Санат:Әскери теоретиктер Санат:Иваново тұлғалары Санат:Иванов облысы саясаткерлері Санат:КСРО мемуаршылары Санат:Владимирск орталығына қамалғандар Санат:Азаматтық соғыстағы РШҚА майдандарының қолбасшылары Санат:Верный ерлер гимназиясы түлектері Санат:Киев әскери округі қолбасшылары Санат:Фрунзе атындағы Әскери академия басшылары Санат:БКП(б) ұйымдастыру бюросы мүшелегіне кандидаттар Санат:БОАК мүшелері Санат:КСРО ОАК Төралқасы мүшелері