Айпан – Маңғыстау түбегіндегі Ақтау жотасының солтүстігіндегі Жетікүп, Кеңсай аңғарларында орналасқан тау.
Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде. Оңтүстік-батысқа қарай доғаша иілген таудың ұзындығы 5 км.
Геологиялық орны Жер қыртысы әктастан түзілген.
Жер бедері Оңтүстік беткейі жарлауытты келген. Батыс беткейінен қиялап шығатын соқпақ жол тау басына шығады. Таудың үсті тегіс, етегіндегі Қабақтыда Маната арқылы Хиуаға баратын ежелгі керуен жолы өтеді.Қазақ ұлттық энциклопедиясы''
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау ауданы таулары