Аққұдық мұнай кені — Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде. Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 64 км жерде орналасқан. Барлау жұмыстары 1981 жылы жүргізіліп, кен орны 1982 жылы ашылды.

Сипаты Кен қос қанатты тұз күмбезді құрылымнан орын алған. Орналасу тереңдігі 1737-1759 м аралығында.

Құрамы Мұнайы аз күкіртті (1,18%), парафинді (1,67 – 1,85%), 12-14% асфальтені бар. Аққұдық мұнай кені 1995 жылы пайдалануға берілді.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Атырау облысы кен орындары Санат:Қазақстан мұнай кен орындары