‎ Ақсай – Жайық алабындағы өзен.

Географиялық орны Атырау облысы Индер, Махамбет аудандарында орналасқан.

Бастауы Көктоғай ауылынан солтүстікте Жайық өзенінен бөлініп шығып, Қаратөбе сайында шалшықтарға айналады.

Гидрографикасы Ұзындығы 110 км. Өзен оң жағалауынан Бағырлай каналын суландырады. Төменгі ағысы жаз айларында құрғап қалады. Жағалауында ұсақ көлдер кездеседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері Санат:Индер ауданы өзендері Санат:Махамбет ауданы өзендері