Ақсуат – Ақсуат ойысында орналасқан тұйық көл.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы жерінде орналасқан.

Гидрографикасы Орташа аумағы 14 км2. Ауа райы құрғақ кезде тартылып, жауын-шашын мол жылдары аумағы 24 км2-ге дейін ұлғайып, өзгеріп отырады. Тереңдігі 1,0-1,5 м. Суы кермек. Табаны тегіс. Көлде қалың қамыс, қоға, т.б. өсімдіктер өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Тимирязев ауданы көлдері